Quantcast
Channel: Cұрақ-Жауап сайты - Тіл, Сөз сұрақтар мен жауаптар
Viewing all articles
Browse latest Browse all 1645

Жауап берді: Ғабит Мүсірепов шығармашылығы туралы шығарма керек?

$
0
0

Ғабит Мүсірепов шығармаларындағы азаматтық, адамгершілік мәселелер

Ғабит Мүсірепов – қазақ әдебиетінің үлкенді-кішілі бірнеше жанрларын өркендетуге кезінде белсене араласқан көркем сөздің зергері. Мәселен, оның қаламынан шыққан көркем әңгіменің қай-қайсысы да идеялық мазмұны терең, жазылу шеберлігі көзтартарлық әсем де мінсіз шығарма ретінде есте сақталып отырады.

Жазушы өзінің сүйікті тақырыбына үзбестен қайта-қайта оралып, қалам тербеумен болғаны жұртшылыққа мәлім. Бұған қалың оқырман қауымның жылы ықыласына, үлкен ілтипатына бөленген «Атақты әнші Майра» атты 1981 жылы жазылған әңгімесі толық дәлел. Бұл әңгімесінде жазушы тарихи факт, тарихи адамның өміріне сүйене отырып, қазақ әйелінің өнерпаздық тұлғасын оның адамдық қасиетімен ұштастыра тұрып әдемі суреттеп берді.

Өнерді, өнер адамын жырлаудың қазақ совет әдебиетінде қалыптасқан белгілі бір көркемдік дәстүрі бар. Майра туралы жазушы әңгімесі – туған әдебиетіміздегі сол көркемдік дәстүрді тереңдете, байыта түскен кемел шығарма. Бұл шығармасында жалпы көркем өнердің, соның ішінде ақындық, әншілік өнердің дүниеге келу процесіндегі өзіндік ғажайып сырларын жазушы әрі шынайы, әрі әсерлі етіп тебірене жыр еткен. Бұл әңгімедегі өнер жұлдызы Майраның көрікті портреті, ішкі өмірінің жарығы сөз құдыретімен оқырман зердесіне нұр болып құйылып жатады. Әдемі де әсерлі суреттеулер арқылы жазушы Майраның жан дүниесінің тазалығын, адамгершілік – моральдық  қасиетінің асылдығын көңілге ұялатып отырады.

Ұрпақтар сабақтастығы казіргі кезеңнің озінде де өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Ғабит Мүсіреповтің «Жеңілген Есрафил», «Тарландар», «Бірінші фонтан» сияқты әңгімелерінде жазушы еліміздегі еңбек адамдарының қажырлы кейпін жақсы танытып, өз замандастарының үлкен мұрат - сезімін биік шабытпен толғап берді. «Өмір жорығы», «Қыран жыры» әңгімелері терең ойлы сез шеберінің қолынан шыққан бөлек туындылар. Бұлар – барлық адамзат атаулыға ортақ ізгі мақсат – ұрпақтар сабақтастығын түйіндеп берген терең мағыналы символикалық кемел шығармалар. Бастанаяқ салиқалы ойға, философиялық толғаныстарға негізделген бұл әңгімелердің кім-кімге де берер ғибратты тағылымы, эстетикалық нәрі мол. Мәңгілік өмірді лайықты түрде жалғастыру үшін табанды күреске, жалынды жігерге баулитын өршіл, өміршең идея – аталған шығармалардың зергерлікпен өрілген негізгі арқауы.

Ғабит Мүсіреповтің жазушылық жолы – бірте-бірте сатылап өсу жолы. Проза саласында жазушы ең алдымен шағын жанрларда қалам тербеп, машықтанғаны белгілі. Әңгіме, новелла, очерк, публицистика, повесть жанрларын еркін меңгеріп барып, ол кейінірек романға ауысты.Сөз зергерінің творчестволық жолындағы белесті туындылардың қатарына қосылған оның «Ұлпан» романы еді. Өзінің бар ерекшелігімен, көркемдік бітімімен, эстетикалық әсер күшінің молдығымен романда көрінетін Ұлпан — бүкіл қазақ әдебиетіндегі оқшау тұрған әдеби образ. Романдағы Ұлпан бейнесін суреттеуге Ғабит Мүсірепов бүкіл өмір бойы іштей дайындалып, көп ізденіп, толғанғаны мәлім. XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ халқының әлеуметтік — тарихи өмірін терең зерттей келіп, жазушы тарихи фактілерді өмірде шын болған оқиғаларды, адамдарды шығармасына негіз етіп алған. Ұлпан өмірінің хикаясын шерте отырып, автор сол тұстағы бүкіл халық, қоғам өмірінің айқын суреттерін жасап берді. Ұлпанның екінші басты қасиеті – өз заманындағы көне ескілікке, әсіресе, әйелдерді қорлап, кемітетін феодалдық әдет-ғұрыпқа қарсы батыл күресуі, халық өміріне ауадай қажет жаңашылдыққа, прогреске ұмтылып, елге айтарлықтай үлгі-өнеге көрсетуі Ұлпан образының әлеуметтік бітімін әрі көріктендіре, әрі биіктете түскен. Үшінші, үлкен адамгершілік, зеректік, ақылдылықпен қатар Ұлпанда қайраттылық, өткірлік, қаһармандық мінез бар. Ел, халық намысы үшін оның жалындап жарқ еткен тұсы да шығармада қапысыз бейнеленген. Романдағы Ұлпан – сол негіздегі халық өмірінің шынайы сипатын танытатын, жинақтаушылық күші әдебиетіміздегі шын мәніндегі типтік образ. Ұлпан бойындағы барлық, абзал қадір-қасиеттер ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ әйелінің, қазақ халқының адамгершілік, ерлік, азаматтық, батырлық тұлға - бітімінің айқын да жарқын көрінісі екені кәміл.

Жазушы шеберлігін танытатын очерктерінің бірі – оның «Қазақтарым, достарым» атты туындысы. Жазушының бұл шығармасында еліміздегі туысқан халықтар ақын,жазушыларының қасиетті достығы әрі қарапайым, әрі әдемі суреттелген. Тіпті қаламгердің бұл очеркін достық жыры деп атаса да артық емес. Еліміздің атақты жазушысы Михаил Александрович Шолоховпен (1905-1984) кездескен бірнеше эпизодтарды сөз өнерінің күшімен тартымды да айқын көрсете отырып, автор орыс халқының ұлы жазушысының адамгершілік абзал қасиеттерін тамылжыта сипаттаған. «Қазақтарым, достарым» атты жазушы очеркі – тек осы жанрдағы ғана емес, бүкіл қазақ әдебиетіндегі халықтар достығы тақырыбындағы көркем шығармалардың таңдаулыларының бірі. Бұл тақырып осымен шектеліп қалған жоқ. Халықтар достығы әлі күнге дейін жалғасын табуда.

Мысалы, Ғабит Мүсірепов өзінің жанашыры Б.Майлин туралы әлсінәлсін мақалаларын жазып, сөздерін айтып жүрді. 1957 жылы Бейімбет ақталардан бұрын ол туралы пікір жазып берген де тек Ғ.Мүсірепов. Бұл оның айнымағандығы. Бүкіл өмір бойы бақилыққа кеткенше Б.Майлинді қорғау өз алдына, құрмет тұтып, қастерлеп өтуінің не себебі, не мәні бар? Тек алғашқы кезде жазушы болуына қол ұшын, жәрдемін бергені үшін десек, ол ұшқарылау, келте қайырғандық болар еді. Үңіле қарасақ, екеуі бір тұтас адам сияқты. Олардың ең алдымен табынған кредосы, пір тұтқан асылы – адамгершілік ар мен намыс, жан сұлулығы. Бұл қасиеттерді ешқандай алтынға       айырбастамайтынын   дәлелдеп,   нақты         достық қарым-

қатынастарымен, дүниетанымдық істерімен көрсете білді. Екеуінің мұраты азамат бола білу болды. Адамгершілік биік дәрежеге көтерілген адам ғана нағыз азамат. Жоғарыдағы жиналыста Ғ.Мүсіреповтің «ар-инабат, намыс қайда» деуі сол азаматтықтың белгісі. Ол Б.Майлинді осындай жағынан жақсы білген, үлгі-өнегесінен үйренген.

Жазушы шығармашылығын осылай бағалай келіп, оның баға жетпес адамгершілік, азаматтық бітім-бейнесін төмендегіше сипаттайды: оның қарапайымдылығы, қолының кіршіксіздігі, жүрек лүпілінің қалтқысыз, қаяусыз пәктігі, талантымен тең тізе қосқан еңбекқорлығы…», «бірдемеге бастық болуға жоламау… ерекше мінезі еді», «газет, журнал беттерінде қымқиғаш айтыстар болып жатқан күндерде… бір жазушы туралы  жаман сөз айтқан емес, бет тырнаса, кеудемсоқ сынға ренжіп қарайтын еді…, жиналыстарда сондай ыңғай, белгі білінсе-ақ «кетпейміз бе?» деген бірауыз сөз жазған бір жапырақ қағаз жібереді маған, өзі сытылып шығып, есік алдында күтіп тұрады…», «бір қасиеті – ғажайып табиғилығы…», «ол жүрістұрысы сабырлы, салқынқанды мінездің адамы, біреуге сен деп керілдесіп жатқанын көрген емеспін. Бас қатырар тобыр жиыннан аулақ жүретін. Сонымен қоймай өзі де қонақжай болды. Қазақтың сол кездегі көптеген өнер, әдебиет адамдарымен Би-ағаның үйінде таныстым десем артық емес» деген пікір  калдырды Б.Майлин.

Жазушының адамдардың идеялық көзқарас өзгешеліктерін дөп басьп, шебер суреттеген әңгімесі «Талпақ танау» (1934). Бұл әңгімеде де қазақ ауылындағы колхоздастыру кезеңінің шындығы баяндалған. Онда еңбекшілерді ұжымдастыру мәселесіне байланысты колхоз төрағасы Сәденнің көрші совхоздан шошқа сатып әкеліп, бесінші түлікті өсіруі, қазақ ауылына жаңа әкелінген бесінші түлікті қазақ шалы Есеннің бағуы, ауыл адамдарының оған шошына, жиіркене қарауын суреттеу арқылы адамдар психологиясында орын алған ескі түсінік пен жаңа көзқарастың қақтығысы сипатталады.

Отызыншы жылдардың орта шенінде жазушыны М. Горькийдің ана тақырыбына жазған романтикалық әңгімелері қызықтырады. Гуманист жазушы М. Горькийдің адам деген ардақты атты жоғары бағалауы, өмірге рух себуші, тіршілік иесі аналардың қоғамдағы рөлі Ғ. Мүсіреповке үлкен ой салды. Ол М. Горькийдің «Адамның анасы» және «Өлімді жеңген ана» атты екі новелласын аударып, өзі де «Ананың анасы», «Ашынған ана», «Ананың арашасы» (1934), «Ер ана» (1942), «Ақлима» (1944) атты әңгімелерін жазды.Ескішілдіктен есіркеп, жаңашылдыққа, прогреске умтылу Ғабит Мүсірепов шығармаларымен шектеліп қана қалған жоқ. Қазіргі таңдағы Тахауи Ахтановтың «Қаһарлы күндер» романындағы Назира образы, Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша» романы мысал бола алады.

Ғ. Мүсіреповтің «Ананың арашасы» (1934) атты әңгімесінде Антоновтың ақ бандыларының қазақ ауылына ат ойнатып, жазықсыз жандарды атыпасуы, Нағиманы «большевик балаңды тауып бер» деп соққыға жығуы, ананың жан азабына шыдап бағып, ақтар армиясының солдаттарының шымбайына батар сөз айтып, солдаттарды өз командиріне қарсы қоюы, ақыры олардың Антоновты өлтіріп, Қызыл Армияға қосылуымен аяқталады.

Ақтар армиясы бандыларының жауыздығын жазушы былайша суреттейді: «...Ана арқасында қайыс қамшы жыландай жүйткіп жүр... Арашаға жарай алмаған ауыл ұятына тұншыққандай тым-тырыс... Тек отыз өрім қамшы ғана әйел арқасында жыландай ысылдайды. Анада үн жоқ. Асыл жігер мен өктем куш теке- тіресіп кездесе қалып, біріне-бірі тізе бүгер емес. Қара көк жапырақты ақ көйлек қызыл қанға айналып, арқа жағы тілім- тілім болып кетті. Қанға боялған қамшы ана денесінің  ашынған жерлерін иіскеп табатындай жанға батар жеріне дәл-дәл тиеді. Қамшысартетіпқалғанда, анакөзінен от ұшқыны да жалтетеқалады. Сіресіпқалғандайтабанаудармай, кеккернегенанадатұр, мыңсұрауынабіржауап ала алмайызағабулығыпАнтонов та тұр.

Анатістерітілқақпасынтасбекітіптастапты...

БұданәріөжетанаАнтоновтыңадамгершіліктенжұрдайжауыздығынбетінебасы п, өршеленетүседі. Жазушы қара күштің ана жүрегін мойыта алмағанын суреттеу арқылы «Ана алдында өлім де мойын ұсынады. Өлімді өмір жеңеді» дегенді бейнелеп беріп отыр.

Жазушы қазақ әдебиеттану ғылымы мен сынының дамуына зор үлес қосты. Оның әдебиет мәселелері жайында жазған еңбектері 20 ғасырдың 20жылдарынан бастап өмірінің соңғы кезеңіне дейін мерзімді баспасөз бетінде қазақ, орыс тілдерінде үздіксіз жарияланып тұрды. Әдеби-сын мақалалары «Суреткер парызы» (1970), «Заман және әдебиет» (1982), «Дәуір дидары» (1986), «Әдебиет – кәсіп емес, өнер» (1987) атты кітаптарында жинақталып, жарық көрді. Мұнда ол әдебиет пен өнердің 20-ғасырдағы даму кезеңіне, сондай-ақ олардың жекелеген елеулі құбылыстарына биік позиция тұрғыдан қарап, ғылыми топшылаулар жасады. Әдебиет тарихына талдау жасап, сөз өнерінің әрбір табысын халықтың рухани қазынасына қосылған құнды дүние ретінде бағалады. Жоғары көркемдік идея мен шығармашылық шеберлікті әдебиет пен өнердің әрбір туындысын талдау үстінде берік, айнымас өлшем ретінде ұстанып, әдеби шығарманың халықтық асыл мұра болып қалуы үшін белсенді түрде үздіксіз күресті.

Ғабит Мүсіреповтың қаламынан шыққан әрбір өміршең еңбегі үнемі оқырман жүрегіне жол тауып, оның асыл бұйымына айналып отырды. Ол – туған Отанының гүлденуіне үлкен еңбек сіңірген халықтың адал азаматы, қадірмен перзенті. Ғабит Мүсірепов – халықтың шын мәніндегі сүйікті жазушысы. Мүсірепов – қазақ әдебиетінде очерк, публицистика жанрларын дамытуға да үлкен үлес қосты. Оның «Уақыт іздері» (1977) атты еңбегі идеялық сонылығымен ерекшеленді. Жазушы очерктерінің басым көпшілігі мазмұн тереңдігімен, шынайы көркемдігімен өзі өмір сүрген заманның талабына толық үндес келіп отырды. Мүсірепов 1970 жылдан күнделік жазуды әдетке айналдырған. Оның архивінде (мұражайындағы) жазушының 300-ден астам қойын кітапшалары сақталған. 1997 ж. Мүсіреповтің «Күнделік» атты кітабы жарық көрді (құраст. Ә.Нарымбетов).

Ғабит Мүсіреповтің сөз шеберлігі – қазақ әдебиетінің тарихында, әдебиеттану ғылымында мойындалған. Көркем әдебиетіміздің тамаша үлгілері ретінде Ғ.Мүсірепов туындыларының қазақ әдебиетінің алтын қорынан берік орын алғаны халқымыз үшін мақтаныш. Уақыт керуені тоқтамай үздіксіз жылжып жатыр, ал қара сөзбен айшықталған әсем ойлар, көркем көріністер санамызда өшпестей болып нұрланып тұра бермек. Ғабит Мүсіреповтің туындылары ескірмейді, бүгінгі жиырма бірінші ғасырдың оқырмандары үшін де тозаң тимеген алмастай жарқырай береді.

Пайдаланылған әдебиет

М.Әуезов. Он тоғызыншы том. – Алматы.1985. 306-бет.
Қабдолов З. Сөз өнері. 一Алматы: Санат, 2002. 一282-296 бб.
Ғабит Мүсіреповтың туғанына 100 жыл (Өмірдерегі мен шығармаларының анықтамасы) 
Қирабаев С. Кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиеті. «Білім», 1998.
Сәрсекеев М.. Ғабит Мүсірепов туралы эсселер. «Жұлдыз» журналы, 1992. №11, 110 б.

Анесова А.Қ. Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к.,доцент Ж.С.Сұлтанғалиева Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты, Ақтөбе қаласы


Viewing all articles
Browse latest Browse all 1645

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>