Quantcast
Channel: Cұрақ-Жауап сайты - Тіл, Сөз сұрақтар мен жауаптар
Viewing all articles
Browse latest Browse all 1645

Мыстан кемпір мен жалмауыз кемпірдің айырмашылығы неде?

$
0
0
Бала кезімізде ертегілерді, батырлар жырын қанша оқысақ та мыстан кемпір мен жалмауыз кемпірдің қайдан пайда болғандығын, екеуінің айырмашылығы бар ма деген ой мүлдем келмепті. Тек сол бір дүлей жалмауыздардың болатындығына сенетінбіз. Ал қазір олай деу қисынға келе қоймас. Ол образдардың байырғы халқымыздың түсінігінен хабар беретіндігі белгілі болды. Ертегі, көне эпостар сол заманның шындығын бейнелейтіндігінде шүбәм жоқ. Себебі, осы тақырыпты зерттеу барысында соған көзім жеткендей болды. Алғашқы қауымның адамдары бүкіл табиғаттың, табиғи құбылыстардың, тіпті әрбір заттың жаны бар деп сенген, яғни адам өзін табиғаттан бөлмеген. Сонымен қатар ескі діни ұғымдардың қазақ арасында өте жақсы сақталып қалғандарының бірі – шамандықтың    қалдықтары. Қазақ ертегілерінен осы шамандыққа байланысты туған зиянды немесе зиянсыз керемет жындар тұратын бірнеше дүниелердің болатындығына сенушіліктің, жекелеген кейбір адамдардың қасиеті, өздеріне бағынатын жындары, адамдары болатындығына сенушіліктің іздерін табуға болады.

Viewing all articles
Browse latest Browse all 1645

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>