Қадірлі қаламгер марқұм Әзілхан Нұршaйықов атамыз: Мен ұят деген сөзді өте жоғары бағалаймын. Мен ұят дегенді ұлы күш деп ойлаймын. Адамшылықтың, адалдықтың, уәдешіліктің, тұрақтылықтың, тазалықтың түп қазығы – ұят деп білемін. Ұяты жоқтан үміт күтпеймін. Ұры-қары, қарақшы, қаныпезерлер ұяты жоқтан шығады. Ұят – ең қымбат қасиет, ұяттыда иман бар. Мен:
Өтірік айтудан ұяламын.
Айтқан уәдемді орындамауға ұяламын.
Орынсыз жерде суырылып артық сөйлеуге ұяламын.
Өз кітабымды және өзімді мақтауға ұяламын.
Трамвай-троллейбуста, автобуста қарттар түрегеліп тұрғанда, жастардың орын бермей шіреніп отырғанын көргенде қатты ұялып кетемін.
Кейбір қазақтың ана тілін қастерлемейтініне ұяламын.
Біреудің әйеліне құмарлана қараудан ұяламын.
Біреудің сырын сыртқа шашудан ұяламын.
Досыма да, қасыма да ауыр сөз айтудан ұяламын.
Үлкенге де, кішіге де, әсіресе үлкендерге «сен» деп сөйлеуге ұяламын.
Әлдекімдерге жағымпаздық жасауға ұяламын.
Жұмыссыз бес минут бос отыруға ұяламын.
Кімге болса да қолымнан келген жақсылықты жасамай қалуға ұяламын.
Кісінің нәрсесіне қызығуға, біреуден бір нәрсені тегін алуға ұяламын.
Сөйлеп тұрған кісінің сөзін бөлуге ұяламын, оны ақырына дейін мұқият тыңдауға тырысамын. Мүмкіндік болса өз ойымды ол кісі сөйлеп болғаннан кейін айтамын. Мүмкіндік болмаса үн-түнсіз қала беремін, өңештемеймін, өкпелемеймін.
Біреуге қол созып, бір нәрсе сұрауға ұяламын. Ешкімнен ештеме дәметпеймін.
Қоғамдық орындарда шіретке тұрмай, «мен ардагермін» деп жұртты кимелеп, алға қарай ұмтылуға ұяламын.