Quantcast
Channel: Cұрақ-Жауап сайты - Тіл, Сөз сұрақтар мен жауаптар
Viewing all articles
Browse latest Browse all 1645

Жауап берді: Өте әдемі қазақша бала мен қызға арналған есімдер? Самые красивые имена

$
0
0

Табар......Тілеміс

ТАБАР – қазақ сөзіне  тап + ар есімше жұрнағы жалғанып жаңалған сөз, яғни бала білімді болып дүниенің сырын ашсын, жаңалық тапсын деген тілекпен қойылған есім.

ТАБЫЛҒАН - баласы өлген үйде дүниеге жаңадан келген сәбиге жоғалғаны табылды деп осылайша ат берілген. Кейде табылған да деп қоя береді.

ТАҒАЙ - араб тілінен  - нағашы; бұл есімнің синонимдері — Нағашыбек, Нағашыбай.

ТАЗАБЕК - нағыз мықты, берік адам, нағыз бек.

ТАЙБЕК - тайға мінгенде құламайтын, жығылмайтын, мықты берік отыратын бала болсын деген мақсатпен қойылған есім. Еркелетіп қысқартып айту түрі -Тайжан.

ТАЙЛАҚ - ботадан үлкен бір жасар түйе атауы. Түйе малының атауынан қойылған есімдер ертеде көп қойылып отырған.

ТАЙМАС - өмірде алған өз бағытынан, алға қойған мақсатынан қайтпас бала.

ТАЙШЫҚ – тибет тілінен бұл есім көне түркі тілдерінде дәреже ретінде қолданылған тибеттің тайши сөзінін өзгерген түрі. Демек, тайши —  аға тәрбиеші, ұстаз;  атақты, әйгілі адам.

ТАЙЫР - араб тілінен алынған таир -  жоғарыға ұшушы;  құс.

ТАҚЫР - араб тілінен алынған тахир — таза, бүлінбеген, бұзылмаған. Дыбыстық өзгерту түрі — Такир, Тахир.

ТАЛАП - араб тілінен алынған талаб - іздену, талап ету, өтініш, тілек.

ТАЛҒАТ - араб тілінен алынған - өң, түр, келбет, рең, жүз, әдемілік, сұлулык.

ТАЛҚА - араб тілінен алынған — таңдаулы, тамаша.

ТАЛМАС - арымас, шаршамас (адам).

ТАНАБАЙ – қазақтың сөзі тана — екі жасар баспақ + бай. Сиыр малы атауынан қойылған есімдер көп болған. Синонимдері — Бұка, Бұқабай, Өгізбай, Сиырбай, Бұзаушы және т. б.

ТАҢАТ - таң атқан кезде туған балаға ертеде осындай ат берген. Біріккен тұлғалы есімдер — Таңатқан, Таңатар.

ТАҢБОЛ - ата-ананың сәулесі, мандайындағы жарығы, бақыты болсын деген ниетпен қойылған есім.

ТАҢСЫҚБАЙ - ұл балаға әбден таңсық, құмар боп жүргенде туған балаға қойылған есім.

ТАРҒЫН - көне түркі тілінен— ашулы, зілді. Қазақ эпосындағы батырдың есімі.

ТАСБОЛАТ - тас пен болаттай мықты, өмірлі болсын деген тілекпен қойылған есім.

ТАСЕМЕН - тасқа шыққан емендей мықты боп, ұзақ жасасын деген тілекпен қойылған есім.

ТАСҚЫН - бала өмірі тасқындай боп өтсін деген мәндегі есім.

ТАСТАЙ - бала  тас сияқты мықты, мәңгілік болсын деп қойылған есім.

ТАСТЕМІР - ата-ана тарапынан баланың өмірлі болуын, тас пен темірдей мықты, берік болуын тілеп қойылған есім.

ТАСТҮЛЕК - мықты ұрпақ, жеткіншек.

ТАТУБАЙ - бақытты, тыныш, бейбіт өмір сүруші (адам).

ТАУ - шың, асқар, заңғар. Біріккен тұлғалы есімдер — Таубай, Таужан, Тауман.  Қысқартып айту түрі - Тауан.

ТАУАСАТ - өмірдің ең қиын асуларынан аса алатын деген мәндегі есім.

ТАУФИХ - араб тілінен алынған тавфих —  табыс, жетістік, бақыт;  әрекет, көмек.

ТАХАУИ - араб тілінен алынған —  тұкым;    ұрпақ.

ТӘЖІ - иран тілінен алынған тадж. Біріккен тұлғалы есімдер — Тәжібай, Тәжімұрат және т. б.

ТӘКІМ - араб тілінен алынған таһим — нығаю, бекіну, бекініс.

ТӘЛІП - араб тілінен алынған таалип —  талапкер, талап етуші, білім ізденуші;  сұраушы.

ТӘҢІРБАЙ  - (қараңыз: Көкбай).

ТӘТТІБАЙ - тәтті,  ауыспалы мағынасы тойымды, қадірлі.

ТӘУЕКЕЛ - тәуек + кәл — батылдың, бел байлағандық.

ТӘУІР - жақсы, оңды.

ТЕГЕРАН – парсы тілінен - «тех» - түп, «ран» - баурай, яғни тау баурайының етегі деген мағынаны білдіреді. Иран астанысы Тегеран тау баурайынынң етегінде орналасқан. Оған қоса тегерансөзі «жайлы жер» дегенді білдіреді. Менің ағамның есімі Тегеран (admin ескертуі)

ТЕМІР - бала өмірі темірдей берік, мықты болсын деп қойылған есім. Синонимі — Тимур.

ТЕМІРБОЛАТ - бала темірдей мықты, берік болады деген сеніммен қойылған есім.

ТЕМІРБЕК - (қараңыз: Бектемір).

ТЕМІРҒАЛИ, ТЕМІРӘЛІ – қазақтың сөзі темір  + араб тілінен алынған ғали; мықты Ғали.

ТЕМІРҚАН - темір сияқты мықты хан. Синонимі — Хантемір.

ТЕМІРЛАН - темір + қосымша лан
.
ТЕМІРТАС - темір мен тастай мықты, берік.

ТЕМІРТҮЛЕК - темір + түлек. Синонимі — Тастүлек, яғни жеткіншек, өспірім.

ТЕҢІЗБАЙ - байлығы теңіздей шалқыған даулетті адам.

ТИЕС - тиісті, тиесілі, қатысты.

ТИЯНАҚ - тірек, тұрақ, табандылық.

ТОҒЫЗАҚ - әртүрлі бақытсыз себептерден сақтау мақсатымен өз балаларын ата-аналардың сатып алу ғұрпы мен төлем ақысына тоғыз түрлі зат беріледі де, өндай балаға әдетте Тоғызақ немесе Сатыпалды деген ат қөяды.

ТОҒЫЗБАЙ - бұл есімнің де қойылу сыры сол Тоғызақпен тығыз байланысты.

ТОҚАН - көне түркі— сұңқар.

ТОҚСАНБАЙ - тоқсан + бай; бұл есім бала тоқсан жасқа келсін деген тілекпен бірге оның әкесі тоқсан жасқа келгенде туғандықтан да қойылған.

ТОҚТАР - ұл бала тұрақтамай өле берген семьяда ерте кезде ырым жасап, бала тоқтасын деген мақсатпен қойылған есім. Олар тұрлі тұлғада койылып отырған: Тоқтасын, Тоқтамыс, Тұрсын, Тұрбек, Тұрғамбек, Тұрған, Тұрсынбек т.б. Біріккен тұлғалы есімдер — Тоқтарғали, Тоқтархан.

ТОҚТЫБАЙ - ертеректе тоқты айы деген ай аты болған. Ол қазіргі наурыз айына сәйкес келген. Мұндай есім сол айда туылған балаға беріліп отырған.

ТОҚЫР - араб тілінен алынған - қайырымды, кішіпейіл, ұяң мінезді.

ТОЛАҒАЙ  - дәу, алып, қара күші мол болсын деп қойылған есім.

ТОЛЫБЕК - үй тола бала боп, олар шетінен бек, әкім болсын деген тілекпен қойылған есім.

ТОЛЫС - жетіле, өсе түс, ер жет.

ТОМАН -  моңғол  тілінен тумэн —  он мың;   бір нәрсенің шексіз көптігін білдіретін сан. Түрлері - Түмен, Туменбай.

ТӨБЕЙ - үлкен, зор.

ТӨЛБАЙ - үй балалы болсын, балалар көп болсын деген тілекпен қойылған есім. Еркелетіп айту тұлғасы — Төкен.

ТӨЛЕБАЙ - бұл есім өлген баладан кейінгі туған балаға қойылған.

ТӨЛҒОЖА - тұнғыш бала өзінен  кейінгі салалардың үлкені болсын деп қойылған есім. Біріккен тұлғалы есім — Төлжан.

ТӨРЕБЕК - көне түркі тілінен - төре —  тәртіп, ереже, заң;    әдет, ғұрып, салт + бек. Біріккен тұлғалы есімдер — Төреғали, Төребай, Төрегелді, Төремұрат, Төретай, Төрехан.

ТУҒАНБАЙ - туған + бай. Бай болып туған.

ТҰРҒАНБЕК - (қараңыз: Бектұрған).

ТҰРДЫБЕК - бала көп жасасын, ұзақ өмір сүрсін деп қойылған есім. Дыбыстың өзгеру түрі — Тұрлыбек.

ТҰРМАНЖАН - ертеде көшпелі тұрмыста ер-тұрманның маңызы аса зор болған. Сондықтан балаларға шеберлікті меңзеп осылайша ат қойып отырған.

ТҰРСЫН - баласы тұрақтамаған семьяда туған балаға осындай есім берілген.

ТҰРСЫНБАЙ - яғни көп, ұзақ жасасын.

ТҰРСЫНБЕК - яғни өмірі берік болсын.

ТҰРСЫНЖАН - жаны аман болсын, көп жасасын.

ТҰРЫМТАЙ - қыран құс. Бала қырандай өткір болсын деген мақсатпен қойылған есім.

ТҰЯҚБАЙ - тұяқ —  уақ мал, қой-ешкі;    ұрпақ, мұра. Бұл есім бала уақ малға бай болсын деп және әкесі елгеннен кейін туған балаға әкеден қалған  ұрпак, мирас болсын деген мағынада қойылған.

ТҮГЕЛБАЙ - бала шексіз бай, ауқатты, әлді болсын деген мақсатпен қойылған есім.

ТҮЛЕК - жас өспірім, жеткіншек.

ТҮЛКІБАЙ - балаға ан атын қою дәстүрі ертеден бар. Батылдық пен айбаттылықты қаласа Арыстан, Қасқырбай, Борібай, ақылдылық пен айлакерлікті қаласа Түлкібай деп ат қойған.

ТҮМЕН  - (қараңыз: Томан).

ТҮРГЕНБАЙ - түһген — жылдам, тез + бай.

ТҮСІП,   ТҮСҮП  -  (қараңыз: Жұсіп).

ТЫНАЛЫ - тынышталды, көңіл орнына түсті, басылды.

ТЫНЫС - дем; үзіліс, дамыл, тыным.

ТЫНЫСТАН - дем алу, дамылдау.

ТЫНЫШТЫҚ  - (қараңыз: Еламан).

ТЫНЫШТЫҚБЕК  - (қараңыз: Бейбітбек).

ТІЛЕГЕН - тілеп, сұрап алған бала.

ТІЛЕК - мақсат, арман, ниет, ой. Бұл есім көбіне ұл баланың бөлуын армандап жүрген ата-аналар тарапынан қойылады. Біріккен тұлғалы есімдер — Тілебалды, Тілепберген, Тілепберді, Тілекбай, Тілеубай, Тілекмет.

ТІЛЕМІС - тіле — сұрау, қалау міс — көнежұрнақ, казіргі кездегі ған=ген жұрнағына сәйкес. Тілеп алған, сұрап алған деген мағынаны білдіреді.

 

Уайыс......Уали,Уәлі

УАЙЫС - араб тілінен алынған — күш, жігер.

УАХАП - араб тілінен алынған уаһуп— мырза, жомарт, қайырымды.

УАХАТ - араб тілінен алынған уахит— жалғыз, жалқы, бірінші (бала).

УӘЛИ,  УӘЛІ - араб тілінен  — әкім, қожайын; үкімет басқарушы; туысқан, бауыр. Біріккен тұлғалы есімдер — Уәлиахмет, Уәлиолла, Уәлихан.

 

Ұзақ......Ұлықбек

ҰЗАҚ - бұл есім баланың өмір жасы ұзақ болсын, көп жасасын деген мақсатпен қойылған. Біріккен тұлғалы есімдер — Жасұзақ, Өмірзақ, Байұзақ, Мыңжасар, Көпжасар.

ҰЙЫҚБАЙ - бұл есімнің бірінші сыңарындағы уйық сөзі жерұйық деген сез тіркесінде ғана кездеседі. Мағынасы — жердің жақсысы, ең шұрайлысы + баи.

ҰЛАН - түркі тілдерінің көбінде бар есім. Бірақ әр түрлі мағынада айтылады. Ұлан — сәби, бала; жауынгер, жігіт, азамат, жасақшы.

ҰЛАС - жалғас, селбес.

ҰЛЫҚБЕК - ұлы, зор + бек.

 

Үдербай......Үстем

ҮДЕРБАЙ -  көшіп-қону кезінде туған балаға қойылған есім. Түрлері — Көшербай, Көшімбай, Қонысбай.

ҮЛГІБАЙ - бала өнегелі, тәрбиелі болсын деп қойылған есім.

ҮМБЕТ - араб тілінен алынған уммат— халық, көпшілік, қауым. Біріккен тұлғалы есімдер — Үмбетбай, Үмбетәлі, Үмбетжан.

ҮМІТ - иран тілінен  -  сенім;  тілек, қалау. Біріккен тұлғалы есім - Үмітбек.

ҮРІМБАЙ – тәжік тілінен алынған хуррам—  көңілді, шат;   гүлденуші, жарқын, шат көңілді, жарқын жүзді. Біріккен тұлғалы есімдер — Үрімжан, Үрімхан.

ҮСЕН - араб тілінен алынған Хасан,  Хасенесімдерінің өзгеріп айтылған түрі. Мағынасы — сұлулық, әдемілік, көркемдік, жақсылық.

ҮСТЕМ - басым, артық.

 

Фазыл......Фахир

ФАЗЫЛ  - (қараңыз: Базыл). 

ФАЙЗ - араб тілінен  -  жеңуші, жеңімпаз;   мырзалық, молдық, байлық.

ФАЙЗРАХМАН - араб тілінен  - рахымдылық, мейірбандылық, мархабаттылық.

ФАРИД - араб тілінен алынған тені жоқ, сирек зат, бағалы, құнды.

ФАХИР - араб тілінен алынған —  келбетті, әдемі, асыл;  мақтаныш боларлық.

 

Хабиб......Хұсайын

ХАБИБ - араб тілінен  - жан дос, сүйікті, сүйкімді жолдас.

ХАДИМ - араб тілінен  - қызметші, жалшы, қызметкер.

ХАЙДАР - араб тілінен  - арыстан. Бұл есімнін синонимдері - Әсет, Шер, Айдар.

ХАКІМ - араб тілінен  -  әкім етуші, әмірші;  данышпан, дана, кемеңгер. Біріккен тұлғалы есімдер – Хакимжан, Хакімзада.

ХАҚНАЗАР  - (қараңыз: Ақназар).

ХАЛЕЛ,  ХАЛИЛ - араб тілінен алынған - сүйікті дос, жақсы жолдас.

ХАЛЫҚ - араб тілінен алынған халк— жұрт, қауым, адамдар.

ХАМЗА - араб тілінен алынған — дәрілік өсімдік.

ХАМИТ - араб тілінен алынған —  мақтаулы, мақтауға лайық;    зиянсыз.

ХАММАТ - араб тілінен алынған — мақтайтын, мақтауға тұратын, лайық.

ХАНГЕЛДІ - ер баланың мықты, күшті, атақты болуын тілеп қойылған есім. Қысқартып-еркелете айтылатын түрі — Қаныш.

ХАНТЕМІР  - (қараңыз: Темір- хан).

ХАРЕС - араб тілінен  —  егінші, дихан, соқашы;  сақтаушы, күтуші.

ХАСАН, ХАСЕН - араб тілінен  — әдемі, сұлу, көркем, жақсы, тамаша.

ХАТИП - араб тілінен  —  уағыздаушы, уағызшы;    баға беруші, мақтаушы.

ХАФИЗ - араб тілінен алынған һафез— сақтаушы, күзетуші.

ХИКМЕТ - араб тілінен  — философия, білім, құпия.

ХҰСАЙЫН - араб тілінен  — кішкене, көркем, сұлу. Хасан есімінің араб тіліндегі кішірейткіш мән бере айтқан түрі.

 

Шабай......Шілдебай

ШАБАЙ - араб тілінен  — жас жігіт, бозбала.

ШАБДАН – тәжік тілінен  човидна—  мәңгі, бақи;  мәңгілік, ажалсыз.

ШАҒЫР  - араб тілінен  шагир— шайыр, ақын.

ШАДЫМАН - иран тілінен алынған шад  - көңілді, шат, қуанышты + ман. Қуанышты адам.

ШАЖАБЕК - көне қазақ сөзі шажа— таудың басы, шың + бек.

ШАЙБАН  - (қараңыз: Сыбанқұл). Түрлері — Шайбани, Шибен.

ШАЙХЫ - араб тілінен  -  ұстаз, үйретуші, тәрбиеші;  ақсақал, дін басшысы,  ғалым.

ШАКАРІМ ,  ШӘКӘРІМ -  араб тілінен - қызметкер, қызметші.

ШАМАТ - араб тілінен  — қал, мең.

ШАМБЫЛ - ащы дәмді өсімдік.

ШАМЕЛ -  елдің жарығы, жарқыраған шамы бол деген тілекпен қойылған есім.

ШАМЖАН - шамша жарқыраған, ашық жүзді, ақ жарқын адам.

ШАМИС - араб тілінен алынған шамси— күн, күншуақ, жарық; бірбет, қиқар.

ШАМШАТ - иран тілінен алынған шамшод, самшид— Кавказ самырсыны.

ШАПАҒАТ - араб тілінен алынған шафакат— аяныш, аяу, есіркеу, қайырымдылық, мейірімділік. Түрлері — Шапкат,  Шафкат.

ШАПАҚ - таңғы жарық.

ШАРЫҚБЕК - араб тілінен алынған шарқ— шығыс, күн шығыс + қазақ сөзі бек; яғни шығыс елінің бегі, биі.

ШАТТЫҚ - қуаныш, көңілділік.

ШАФИХ - араб тілінен  —  мейірім, қайырым етуші;  рақымды, кішіпейілді.

ШАФХАТ - араб тілінен  - рақымдылық, мейірімділік.

ШАФИХ - араб тілінен  -  мейірім, қайырым етуші;  рақымды, кішіпейілді.

ШАХАХМЕТ - иран тілінен алынған шах  + араб тілінен алынған - ахмет. Ахмет патша деген мағынада.  түрі — Шаяхмет. Қысқартып еркелете айту түрі — Шайкен.

ШАХАН - иран  және қазақ тілдерінен алынған  бұл есім шах және хан сөздерінің бірігуінен жасалған. Хандардың ханы, хандардың шахы деген мағынаны білдіреді.

ШАХАР - араб тілінен  — қала, кент.

ШАХАРБАЙ - араб  және қазақ тілдерінен алынған  - қалада, бай мекенде тұрсын деп койылған есім.

ШАХМАРДАН - иран тілінен алынған шах + мардан —ержүрек, батыл. Фонетикалық түрі — Шаймерден. Еркелете айтылатын түрі — Шәкен.

ШАМҰРАТ  - (қараңыз: Самұрат).

ШАХМҰХАМБЕТ - иран тілінен алынғаншах + Мухамбет. Еркелете қысқартып айту түрі — Шахмет. 

ШАШУБАЙ - қазақ тілінен алынған қолы ашық жомарт, мырза болсын деген тілекпен қойылған есім.

ШӘДІ - иран тілінен алынған шади— қуаныш, көңілділік, шаттық.

ШӘКІР - араб тілінен алынған — игі, асыл, мейірбан, сыйлаушы, құрметтеуші.

ШӘМШИ - араб тілінен алынған шамси - күн.

ШӘПИ,  ШӘФИ - араб тілінен алынған - емдеуші, емші.

ШӘРИЗАТ - иран тілінен алынған ширази— бақыт, ырыс, қуаныш + зат - бала, перзент, яғни бақытты бала.

ШӘРІП - араб тілінен алынған шариф— құрметті, атақты, қымбатты. Біріккен тұлғалы есімдер — Шәріпбай, Шәрінбек, Шәріпхан, Шәріпқали.

ШЕГЕ - бала шегедей мықты, берік, тұрақты, өмірлі болсын деген тілекпен қойылған есім.

ШЕГЕБАЙ - баланын денсаулыры шегедей берік, мықты болсын деген тілекпен қойылған есім. Еркелете қысқартып айту түрі — Шеген.

ШЕР - (қараңыз: Әсет).

ШЕРӘЛІ,  ШЕРҒАЛИ – иран тілінен шер—  арыстан;    батыл, ер жүрек  + араб тілінен алынғанғали,әли— жоғары, биік, ен асқақ. Бұл есімнің жинақ мағынасы: батыр, ер жүрек, арыстан Әли.

ШЕРИ - көне түркі тілінен черу— әскер, қол.

ШЕРМҰХАМБЕТ - иран тілінен алынған шер - арыстан + Мұхамбет, яғни арыстан Мұхамбет.

ШЕРНИЯЗ - иран тілінен алынған шер + тәжік тілінен – нияз - өтініш, тілек, тілену, үміт, сый, тарту.

ШЕРУБАЙ - көне түркі тілінен шері немесе алтай тілінен  черу - әскер. Шеру кезінде, жорықта туған балаға қойған есім.

ШЕРХАН – иран және қазақ тілдерінен алынған  — арыстандай айбатты, мықты, батыр, ер-жүрек.

ШОҚЫ - биік төбе, дөң;  шың. Бұлайша есім беру баланың мәртебесі, атағы жоғары болсын деген ойдан туса керек.

ШОҚЫР - балықтың бір түрі. 

ШОЛПАНБАЙ - бала таңғы жарық жұлдыз шолпандай болсын деп қойылған есім.

ШОМБАЛ - зор, ірі, жуан.

ШОНА - моңғол тілінен— қаскыр. Бөрібай, Қаскырбай есімдерімен мәндес.

ШОҢ - қырғыз тілінен алынған — үлкен, зөр, дәу. Біріккен тұлғалы есімдер — Шоңбай, Шоңбек, Шоңқұл.

ШОРА - көне түркі тілінен —  мырза, бек, шонжар;    одақ, кеңес. Біріккен тұлғалы есімдер — Шорабай, Шорабек.

ШОРТАНБАЙ - шортан балығы атынан қойылған есім. Бала суда еркін жүзғен балықтай өмірде де еркін болсын деп қойылған.

ШЫҒАЙ - көне түркі тілінен - кедей, күйсіз.

ШЫҒАНАҚ - құрлықпен ұштасқан су кеңістігі, айлақ. Бала шығанақта туған себепті осындай есім берілуі мүмкін.

ШЫМЫР - нығыз, берік, денесі мығым;  батыл. Біріккен тұлғалы есім — Шымырбай.

ШЫНТЕМІР - темірдей мықты.

ШЫРАҚБЕК - иран тілінен алынған ширақ— жарық, шам + бек.

ШІЛДЕБАЙ - иран тілінен алынған чеһел, нел— қырык + да жұрнақ. Қырық күндік, 25 маусымнын 5 тамызға дейін, яғни 40 күнге созылатын ыстық маусым +бай.

 

Ыбырай......Ыстамбақы

ЫБЫРАЙ - көне еврей тілінен келген Абраам— ел атасы. Оның халық арасында Ибрагим, Ыбрайым, Ибраим, Ыбыраш тәрізді түрлері кездеседі.

ЫДЫРЫС - араб тілінен  — талаптанушы.  Фонетикалық түрі — Едірес.

ЫҚЫЛАС - араб тілінен алынған әхлас— пейіл, ниет, берілу, ашықтық, адалдық.

ЫҚСАН - араб тілінен алынған ихсан—  жақсылық, қайырымдылық;  көркемдік, нұрлылық.

ЫРЫСАЛДЫ - бақыттың, құттың алғашқысы.

ЫРЫСБЕК   - бақытты бек.

ЫСҚАҚ - көне еврей тілінен - күледі, күлген. Иссак деген есімнің арабша айтылу нұсқасы.

ЫСТАМБАҚЫ - иран тілінен алынған ыстам— тұрған, өлмес + бақы— мәңгі, өмірлік. Мәңгі өлмес.

 

Ібни......Ісмет

ІБНИ - араб тілінен  — ер бала, ұл.

ІЗБАСАР - әкесінің мұрагері, ізбасары болсын деген мақсапен қойылған есім. Қысқарған түрі — Ізтай.

ІЛЕБАЙ - Іле езені бойында туған балаға қойылған есім.

ІЛИЯС – еврей тілінен алынған - ильяс— күш, құдірет.

ІҢКӘРБЕК - араб тілінен алынған инкар— құмар, ынтың; ата-ана перзентке зар болып, құмар болып жүргенде туған балаға қойылған есім.

ІСМЕТ - араб тілінен —  ізгі, рахымшыл, адамгершілігі мол;  таза, пәк.


Viewing all articles
Browse latest Browse all 1645

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>