Quantcast
Channel: Cұрақ-Жауап сайты - Тіл, Сөз сұрақтар мен жауаптар
Viewing all articles
Browse latest Browse all 1645

Жауап берді: Қазақ тілімді дамытқым келіп жүр, дикцианы?

$
0
0

Шешендік өнеріңізбен жұртты таң қалдыру үшін, Шекспирдің сөз қоры да аздық етеді. Сөйлемді дұрыс құрастыру да жетіспейді. Осының барлығына жақсы дикцияны қоссаңыз керемет болады. Тіпті ең әдемі сөздердің өзі, дұрыс айтылмай тұрса кері әсер қалдыруы мүмкін. Жақсы дикция жұмысқа орналасуға барғанда, достармен араласқанда, бір сөзбен айтқанда әрқашан және барлығына да керек. 

Жаттығулар:

Қиындық деңгейі: Қиын емес.


1 қадам

Жаңылтпаштармен жаттығыңыз

«Карнавал» фильмінің кейіпкері өзінің дикциясын қалай жөндегені есіңізде ме? Дұрыс, аузына жаңғақ толтырып алып жаңылтпаш оқыды. Бұл классикалық жаттығулардың бірі. Бірақ оны дәл осылай жасаудың керегі жоқ. Оңайынан тәсіл қолданыңыз, алдымен жаңылтпашты жаңғақсыз айтып көріңіз. Тіпті жаңылтпаш та емес, күрделі сөйлемдерден бастаңыз. Мысалы: «пайдаландырылғандықтан»
Осы сөздерді қиындықсыз айта бастағанда, күрделірек жаңылтпаштарға көшіңіз, содан кейін ғана жаңғақпен жаттығуды бастасаңыз болады.

2 қадам

Өзіңізді тыңдаңыз

Жер бетіндегі кез-келген адам сөйлеп тұрғанда өзінің дауысын керек деңгейде ести алмайды. Сондықтан магнитафон немесе диктафон қолданыңыз. Кітаптардан бір үзіндіні алып, дауысыңызды жазып отырып оқи беріңіз. Содан кейін тыңдап көріңіз. Тыңдағаныңыз өзіңізге ұнамауы мүмкін (егер де ұнайтын болса радиоға жұмысқа тұруға бара беріңіз немесе сіз өзіңізді қатты жақсы көресіз), сондықтан мәтінді өзіңізге ұнағанша оқи беріңіз, оқи беріңіз! 

3 қадам

Диафрагмаңызды жаттықтырыңыз.

Кейде, ұзақ әңгімелесіп отырғанда, сөйлемін аятау үшін кейбір адамдардың демі жетпей қалатын кездер болады. Бұл сөйлемді үзіп, тыңдап отырған адамға жағымсыз әсер қалдырады. Деміңіз ең ұзақ сөйлемге де жетуі үшін, диафрагмаңызды жаттықтырыңыз. Ол үшін кез-келген дауысты дыбысты деміңіз жеткенше соза беріңіз. Осы жаттығуды күніне бірнеше мәрте жасап тұрыңыз. Дауысты дыбысты 25 секундқа созу қиындық тудырмайтындай жағдайға жеткенде, даусыңызды көтеріп жасай бастаңыз. Күнделікті жаттығып тұрсаңыз, еш жерде қақалып-шашалып, деміңіз жетпей қалатын жағдайдан аулақ боласыз!


Viewing all articles
Browse latest Browse all 1645

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>