Quantcast
Channel: Cұрақ-Жауап сайты - Тіл, Сөз сұрақтар мен жауаптар
Viewing all 1645 articles
Browse latest View live

Жауап берді: Халықтың қадірлі қаламгерлері тақырыбына шығарма?

$
0
0

Балалар әдебиетінің бәйтерегі: Б.Соқпақбаевтың 80 жылдық мерейтойына арналған әдістемелік құрал / ҚМРБК Құраст. Ш.Мәқашева.- Алматы, 2004.- 21 б. 

Бәйтерек 

Бала шақты кестелеген тілі нық, 
Бір болса егер-осы болар ірілік: 
Ұландары отызыншы жылдардың 
Қайта келер көз алдыңа тіріліп. 

«Бастан кешкен» шындық шымыр екшеліп, 
Кітап болып бізге жетті естелік. 
«Чемпионнан» Бекең өзі баптаған 
Талай мықты жатты құлап, сескеніп. 

Аспантаудан ақ бұлақтар атқылап, 
Экранда – туған өлке, бақ, қырат... 
Қолын бұлғап Жанар, Жантас, Сұлтанға 
Келеді әне Қара Қожа шапқылап! 

Кейіпкермен бірге тұрып, жүресің, 
Бірге жасап, бірге жылап, күлесің. 
«Сөз қадірін білген шебер екен!» деп, 
Өз қадірін Бекеңнің де білесің. 

Ту етіпті тектілікті бұл ағай, 
Пір еткені қара шалың- Ұлы Абай! 
Тік қалпында мәңгі жасай береді 
Бәйтерегі Берді-ағаның құламай! 

Б.Кірісбайұлы 

Кіріспе 

Қазақ балалар әдебиетінің классигі, тамаша жазушы Бердібек Соқпақбаев тірі болғанда биыл 80 жасқа толар еді. «Жақсының өзі өлсе де сөзі өлмейді» демекші, балалардың сүйікті жазушысы артына «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Қайдасың, Гауһар» және «Ергежейлілер елі» сынды бірқатар әңгіме, хикаялар қалдырды. Балалардың бал мінезін ішкі дүниесімен жақсы сезіне білген жазушы әрбір шығармасында өзі туып өскен Нарынқол таулы өңір табиғатының жанды суреттерін оқырманға үлкен шеберлікпен жеткізе білген. Б.Соқпақбаевтың әңгіме, повесть, романдары және пьесаларында балғын шаққа батыл саяхаттар жасап, таңдандырып, тамсантып, бал дәурен әсерлерінің қаймағын бұзбай, ақиқаттан алшақтамай, балаға тән қиялдап, өмірдің өз болмысын тебірене толғайды. Оқысаң еріксіз езу тарттырып, кейде күрсінтіп терең ойға жетелейді. Лезде кейіпкерлермен етене араласып, олар өзің күнде көріп жүрген адамдардай Беркен, Қожа секілді кейіпкерлерімен жадыңда жатталып қалады... 
Қазақ балалар әдебиетінің тағы бір классигі Сапарғали Бегалин атындағы Мемлекеттік республикалық балалар кітапханасы қызметкерлері жазушының қазақ әдебиетіне қосылған өміршең өлмес мұраларын жинақтап, зерделей келе «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты әдістемелік құралды көпшілік назарына ұсынады. 

Шырынын алып шындықтың 

Суреттеу кеші 

Қатысушылар: өмірбаяншы, 
жазушы, 
оқырмандар. 
Өмірбаяншы: Бердібек Соқпақбаев – қазақ әдебиетінде өзіндік өрнегімен, шындықты қарапайым әңгімелеу арқылы мөлдіретіп, көз алдыңа жайып салатын, кейіпкерлерді даралау мен психологиялық бейнелеудің де өзгеше бір жолын тапқан талантты жазушыларымыздың бірі еді. Жасынан өмір талқысын көп көрген адамның өмірбаяндық деректері оның шығармаларына арқау болды. Ол сол көргендері мен сезінген дүниесін 30-жылдардағы ауылдың ауыр тұрмысы, Ұлы Отан соғысы мен одан кейінгі ауыр кезеңнің шындығына сәйкес жаңартып, ой елегінен өткізіп, типтік орта шындығына лайық типтік бейнелер арқылы аша білді. Бүгінде кез келген қазақтың қара баласына Соқпақбаевтың кім екенін түсіндіріп жату артық болар, оның «Менің атым Қожасы» әрбір үйде Абаймен, Мұхтармен бірге ұлттық қазына ретінде сақталуда десек қателпеспіз. Өйткені, Соқпақбаевтың есімі көзі тірісінде-ақ әрбір мектеп баласының жүрегінен мықтап орын алған болатын. 
Жазушы: Сегіз жасымда шешем өліп жетім қалдым. Колхоздастырудың алғашқы жылдары – ең бір қиын кез. Содан соңғы басымнан кешкендерімді ойлай бастасам осы күннің өзінде жүрегім қарс айырыла жаздайды. Япыр-ау, қалай тірі қалдым, осы күнге қалай жеттім?! Нағыз итжандының өзі екенмін ау деп таңданам». «Балалық шаққа саяхат» повесі – міне, осы толғаныстардан туған дүние. Ондағының бәрі де шын, бәрі де болған. ... 
Өмірбаяншы: Жазып та көрдім мен де өлең, 
Жазып та көрдім қара сөз. 
Ерте ме, кеш пе мен де өлем, 
Өлмейді тек дана сөз...- деген жазушының өлең жолдары асыл ағамыздың рухына бас иіп, оның өміршең өлмес мұраларын қадірлеп келешек ұрпаққа жеткізер жолы іспеттес. Оның әсіресе, балалар әдебиетіне байланысты бүкіл шығармашылығының мәнін бір ауыз сөзге сыйғызып айтар болсақ, ол -өте ірі кесек тұлғалы балалар әдебиетінің бәйтерегі. Сонау сұрапыл 1942 жылдары Қарағандыға ФЗО-ның оқуына кетіп бара жатып: 
Нарынқол туып өскен ауданым-ай, 
Көркем жер болмас сенің аумағыңдай. 
Кетерде сенен ұзап көзім қимай, 
Қызыл тіл өлеңдетіп зауладым ай,- деп жазушының өзі жырлағандай, Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы қазанның 15-інде Алматы облысының Нарынқол (қазіргі Райымбек) ауданында туған. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтынан кейін Мәскеудегі Жоғары әдеби курсты бітірген. Біраз жыл ауылдық мектепте ұстаз болып, кейіннен баспасөз саласына ауысты. «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Балдырған» журналында, Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» студиясында қызмет істеді. Қазақстан Жазушылар одағында балалар әдебиеті жөнінде әдеби кеңесші болды. 
Оқырман: Оқушы біздің Шалғынбай 
Жап-жас бала балғындай. 
Әлемге әйгі атағы, 
Көрінген жерде жатады: 
Партаның үсті «Шалғынбай», 
Тартпаның іші «Шалғынбай», 
Тақтаның беті «Шалғынбай», 
Кітаптың шеті «Шалғынбай», 
Есікке жазған «Шалғынбай», 
Кесіп те жазған «Шалғынбай», 
Бұл маңайда Шалғынбай 
Жазбаған жерің қалды ма-ай? 
Мұнымен атақ алмайсың. 
Үлгілі бала болмайсың. 
Өмірбаяншы: Шығармашылық жолын балаларға арнап өлең жазудан бастап, «Пионер» (қазіргі «Ақ желкен») журналының белсенді авторы болды. 1950 жылы «Бұлақ» деп аталатын өлең жинағын шығарған. Кейіннен балалар мен жасөспірімдерге арналған прозалық шығармаларын жазды. Оның балаларға арнап жазған туындылары балалардың ғана емес, үлкендердің де сүйіп оқитын шығармаларына айналды. 
1967 жылы Балалар мен жасөспірімдерге арналған фильмдердің Канн қаласында (Франция) өткен халықаралық фестивалінде жазушының сценарийі бойынша қойылған «Менің атым Қожа» фильмі арнаулы жүлдеге ие болған. Ол тек балаларға арнап шығармалар жазып қойған жоқ, сонымен қатар жасөспірімдерге арнап «Бозтөбеде бір қыз бар» атты пьеса, «Өлгендер қайтып келмейді» атты роман, «Гауһар» атты повесть және тағы басқа да жиырмаға жуық кітаптарын шығарды. 
Жазушы: Мен жазған дүниелердің ішінде жұртқа көбірек танылғаны «Менің атым Қожа» повесі болса керек. Бұл шығарманың әуелгі аты «Өзім туралы повесть» Алматыда біраз қиналыспен басылды. Қожаның жағымды қылықтарынан жағымсыз қылықтары көп. Балаларға бұл кітап қандай тәрбие бермек деп, алая қарағандар аз болған жоқ... Мектептегі барлық баланы хулиган етіп шығарғыларыңыз келсе, бұл кітапты тезірек басыңыздар депті рецензент... Орыс тіліндегі «Қожаның» тұсауын Москва кесті. ...Қазақтың сүйкімді де қара сотқар баласы осыдан соң бүкіл Совет Одағын аралап кете барды... Біраздан кейін кітап Парижде француз тілінде басылды. Қазақфильм «Менің атым Қожа» повесі бойынша көркемсуретті кинофильм түсіруге кірісті. Режиссері – Абдулла Қарсақбаев. 1967 жылы Францияның Канн қаласында өткен халықаралық кинофестивальде жүлдеге ие болды. Шығарманы жазардағы ең басты мақсатым: жақсылыққа тәрбиелеу. Қожа – есер емес, есті тентек. Бір көрген адамға «жаман бала», «қиын бала» болып, кейін мүлде өзгеріп, жақсылардың қатарына қосылып кететін балалар аз емес қой... 
Өмірбаяншы: «Жас Бердібек көз көргендердің айтуына қарағанда, жас кезінің өзінде-ақ ешнәрсеге жасымайтын, ешнәрседен жасқанбайтын отты, өжет болған екен. Ол сыйлауға, сыйласуға өте жақсы еді. Бірақ талғампаз болатын. Кейде тым кіділеу, тым кірпияздау көрінетін. Ал шын жаны жақтырған адамға, көңілі сенген кісіге ақжарқын да адал болатын. Екі сөйлемейтін,өтірік айтпайтын. ..» - бұл, жастайынан бір ауданда бірге өсіп, кейіннен дәм-тұздары жарасып, жазушымен сыйлас болған қарт қаламгердің жан тебіренісі. 
Жазушы: Қай жазушы болсын, өзінің жақсы сезінген, көрген, білген, жете зерттеген жайларын жазады. Және үлкен бір қаламгер: «Әр жазушы әуелі өзін жазады» деген екен. Осыларға саятын болсақ, мінез құлық, іс-әркет жағынан Қожа менің балалық шағыма көбірек ұқсайды. Повесть өзім, достарым, мектебім, туып-өскен ауылым жайында әңгіме қозғайды. Сондықтан да шығарманың 1957 жылы бірінші жарық көргендегі әуелгі аты – «Өзім жайлы повесть» болатын. 
Оқырман: Бердібек Соқпақбаев - Кеңес үкіметінің «қылышынан қаны тамып тұрған» кездің өзінде тек өз жүрек қалауымен оқырмандарына жалғандықтан қашып шынайы шындықты жеткізе білген жазушыларымыздың бірегейі. Балалар өмірін шынайы сүйіспеншілікпен бейнелейтін хикаялары мен әңгімелерін жас та, қарт та, қазақ та, басқа да құмарта, қызыға оқиды десек еш артық айтқандық емес. Бердібек Соқпақбаев кейіпкерлерін қолдан жасамаған. Оның кейіпкерлері - өзі. Жазушы шығармаларын бірінші жақтан жазады. Яғни, шығарманы бас кейіпкер әңгімелеп отырады. 
Өмірбаяншы: «Өзін жазатын жазушымын» деп жоғарыда өзі айтқандай, автордың көпшілік шығармаларында өмірбаяндық деректер пайдаланылып, олардың бір-бірімен сабақтастығы байқалып отырады. Әсіресе, қазақ балалар әдебиетінде үлкен құбылысқа айналып, өзіндік бір жаңа леп, жаңаша бет ала келген «Менің атым Қожа» повесі де алғаш «Өзім туралы повесть» аталған. «Менің атым Қожа» повесі жарық көргенге дейін қазақ әдебиетінде Қожаға ұқсайтын «тентек, сотқар» кейіпкер болмаған. Ең алғашында жұрт Қожаға әрине, тосырқай қарады. Тіпті, «балаларға бұл кітап қандай тәрбие бермек?», «Балаларды тек жақсы, өнегелі кейіпкерлер үлгісінде тәрбиелеу керек» деген сияқты пікірлер де болған. 
Өмірбаяншы: «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «16 жасар чемпион» және тағы басқа шығармалары жазушының тұтас өмірін көрсетпегенмен бөлшек-бөлшек тұстарын қызықтыра өмірге әкелген болса, ал мына «Өлгендер қайтып келмейді» романы жазушы жаратылысын тұтас тұлға етіп береді. Шығарманың ел ойынан шығатын шынайы жүзі тек қана шындық жазудан тұрса ол сол шығарманың шырайлылығын берсе керек. Осы тұрғыдан алғанда Бердібек ағамыз жоғарғы ойдың ортасынан ойып тұрып өз орнын алып және сол қасиетімен халық есінде, қала берді әр ұрпақ есінде мәңгі қалған адам. 
Оқырман: Бердібек Соқпақбаевтың балалар үшін танымдық мәні зор шығармаларының бірі «Жекпе-жек» хикаясы. Жазушының бұл шығармасы да қазақ әдбиетіне келген тың туынды. Өйткені, қазақ балалар әдебиетінде бұған дейін спорт тақырыбы мұндай деңгейге көтерілген шығарма болған емес. Бұл шығарма бокс жайлы жазылған. Ал бокс деген спорт түрі қара домалақ қазақ баласына өте жақын десек артық айтқан болмас еді. Ауыл спортының, әсіресе бокстың дамуына үлкен төңкеріс жасаған, құрыштай шыныққан саңлақтардың дүркіреп шығуына соны серпіліс, ерекше серпін берген айтулы көркем дүние. Жасында әлжуаз болып өскенмен, үзбей шынығу, ұдайы жаттығудың нәтижесінде спорт шыңына шыққан Мұраттың бейнесі арқылы жазушы арман жолында қиындықтан қашпау керектігін ұғындырады. 
Өмірбаяншы: Жазушының күрделі де көлемді туындысы «Өлгендер қайтып келмейді» романы. Өзін жазатын жазушы бұл шығармасына да өзінің өмірін арқау еткен. Бір айта кететін жайт, 1974 жылы «Өлгендер қайтып келмейді» романы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығына ұсынылады. Бірақ, сол кездегі бармақ басты, көз қыстымен тағы да шетқақпай қала береді. Бердібек Соқпақбаев қайтыс болардан аз уақыт бұрын бір топ қаламгерлер «Халық жазушысы» деген атаққа ұсынылған екен... Неге екені, кейін сол атақ алғандардың ішінде Соқпақбаевтың есімі болмай шығады... Иә, егемен елі барда Бердібек Соқпақбаев та бар, әсте ұмытылмақ емес. Өйткені, ол туған халқының тағдырын жырлап, оның жүрегіне әлдеқашан жол тапқан жазушы. 
Оқырман: «Ергежейлілер еліне саяхат» ертегі-хикаясында шындық пен әділет салтанат құрған, өмір-тіршілік мүлде басқа. Парақорлық пен ұрлық-қарлық атымен жойылған. Халық ешнәрсеге мұқтаж емес. Балалар мен қарттарға жасалған қамқорлықта шек жоқ. Тіпті ергежейлілер елінде әскер мен қару-жарақ та жоқ. Барлық мемлекеттермен тең құқықта қарым-қатынас жасап, өзінің салт-дәстүрін қатаң сақтайтын бейбітшілік сүйгіш ел туралы ертегі-хикая осылайша шалқар ойға шақырады. 
Өмірбаяншы: «Бердібек Соқпақбаевтың – кірпияз мінезі - жазушының жан-дүниесінің тазалығын білдіреді. Өте қарапайымдылығымен өзін биік ұстайтын жазушылардың байқамайтындығын байқап, соның соны желісінен жанына нәр тапқан жазушы. Оның бізден ерекшелігі де сол. Сендердің топырақтарыңда туып, елдің мерейін үстем ететін үлкен классик жазушы болуының сыры да сонда»,- дейді Таһауи Ахтанов. 
Оқырман: Сүйікті жазушымыз Бердібек Соқпақбаевтың кітаптарын бәріміз сүйіп оқимыз. Жазушы сомдаған кез-келген кейіпкер өзіне тән ерекшелігімен оқушы жадында сақталып қалады. Құрметті оқырмандар, енді кезекті «Бердібек Соқпақбаев және оның кейіпкерлері» атты сауалнамаға берсек. 
«Менің атым Қожа» повесі бойынша сұрақтар 
 Қожаның анасының аты (Милат) 
 Повестегі қазақ тілі пәнінің мұғалімі (Майқанова Сәбира) 
 «Менің атым Қожа » повесі аударылған тіл? (Француз тілі) 
 «Менің атым Қожа» повесінің алғашқы аты? («Өзім туралы повесть») 
«Балалық шаққа саяхат» повесі бойынша сұрақтар 
 «Балалық шаққа саяхат» повесіндегі Бердібектің інісі (Тұрдыбек) 
 Осы повестің «Менің кербез жеңгем» бөліміндегі Бердібектің өнерлі жеңгесі? (Әлиман) 
 Повестегі Бердібектің нағашысының өзімен жасты баласының аты? (Рамазан) 
 Бердібек туған аудан орталығы (Нарынқол) 

«Жекпе-жек» повесі бойынша сұрақтар: 
 Бас кейіпкер бала (Мұрат) 
 Мұраттың ауылы (Қызылшекара) 
 Мұраттың жаттықтырушысы әрі ұстазы (Николай Трофимович) 
 «Қызылшекара» мектебінің директоры (Тоқмода) 
Өмірбаяншы: Бердібек Соқпақбаев – шынайы адам, шыншыл жазушы еді. Өтірікке өлердей қас болатын. Өнерді өтірікпен әсемдеуден қорқатын. Қатарлас замандастарының өтірік жазғанын жазып жүргенін білсе, сыйламай қоятын. Ол қоғам шындығын бар ауыртпалық, қиындығымен көрсетем деп өзі де көп қиындық көрген қаламгер. Шыншыл шығарма-өміршең. Бердібек Соқпақбаев шығармалары кеше шындық болып шырылдап сөйлесе, бүгін өмірдің өзі болып баурайды оқырманды. Оның шығармаларының қызық оқылып, бүгін жазылғандай әсер ететіні де сондықтан. Бердібек Соқпақбаев – ұрпаққа деген басты шығармаларын жазған, оқырмандарынан лайықты бағасын алған бақытты жазушы. Кешімізді қазақ халқының дарынды ұлдарының бірі, ақын Қадыр Мырзалиевтің мына сөздерімен аяқтасақ деймін: «...Бердібек Соқпақбаев кітаптарының соңғы беттерін жапқанда көркем шығарма оқып шыққандай болмайсың, өзіңнің ең тату-тәтті дос, жолдастарыңды ұзақ сапарға шығарып салғандай боласың. Қимайсың. Көңілің бұзылады. Бердібек Соқпақбаев шығармалары, міне осындай. Жазушы үшін бұдан асқан бақыт болуы мүмкін емес.» 
Кеш соңында оқырмандардың кештен алған әсерлері бойынша пікірталас өткізуге болады. Көрмеге шолу жасалады. 

Балалық шаққа саяхат… 
Бердібек Соқпақбаевтың шығармалары бойынша әдеби ойын 

Жүргізуші: Тамаша шығармалары арқылы балалардың көңілінен шығып, сол арқылы бірнеше буын өкілдерінен тұратын кішкене оқырмандардың құрметіне бөлену үлкен таланттылықты қажет етеді. Біздің қазақ балалар әдебиетінде осындай құрметке ие болғандардың ішіндегі шоқтығы биік, бірегей таланттардың бірі – Бердібек Соқпақбаев. Жазушының шығармаларын оқыған кез-келген бала өмірбаянымен де танысып шығады. Бердібек Соқпақбаев балалар үшін жаралған жан болатын. Өзінің шығармашылық жолын балаларға өлең жазудан бастаған ол кейін прозалық шығармалары арқылы балалардың сүйікті жазушысына айналды. Сондай-ақ балаларға арналған бірнеше сценарий, пьесалар жазды. Б.Соқпақбаевтың есімі тек қазақ балаларына ғана емес, көптеген шет ел балаларына да жақсы танылды. Оның кітаптары әлемнің 20 шақты елінің тіліне аударылса, «Менің атым Қожа» повесі бойынша түсірілген киноны 28 елдің бүлдіршіндері тамашалапты. Әрине, бұл біздің әдебиетіміз бен кино өнері үшін үлкен жетістік болғаны даусыз... 
(«Менің атым Қожа» фильмінен үзінді көрсетіледі. Сценарийі- Б.Соқпақбаев, режиссері- А.Қарсақбаев) 
Жүргізуші: Қай-қайсымызға да экраннан көріп жүрген Қожа туралы кітапты жазған Бердібек Соқпақбаевты жақсы көрмеуіміз мүмкін емес. Қожа әрқайсымыздың жанымызға жақын да таныс кейіпкер. Балалар, бүгін Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожасынан басқа да шығармаларына саяхат жасап, әдебиетте алар орны жайында әңгімелеспекшіміз, ой бөліспекпіз. Бердібек атаның «Менің атым Қожа», «Жекпе-жек», «Аяжан», «Балалық шаққа саяхат», «Өлгендер қайтып келмейді» повесть-романдарын, көптеген әңгімелерін оқымайтын қазақ баласын табу өте қиын. Біздің ата-аналарымыз, ата-әжелеріміз, аға-апаларымыз Соқпақбаевтай қадірлі қаламгер шығармаларын оқып өсті. Әлі де оқып келеді. Жазушының кез-келген шығармасын қолыңа алсаң, әрі қарай қызықтырып, жетелей жөнелетін сияқты. Бердібек ата өзінің балалық шағынан алған әсерлерін көпке дейін ұмыта алмай, сол ғажайып көңіл мен көріністердің өзін оқырмандарына жеткізе білген жазушы. Жеткізіп қана қоймай классик жазушыға, балалардың сүйікті жазушысына айналды. Балалық шақта жазушы өзінің кейіпкеріне қатты ұқсапты. Олар сияқты ауылдың қара сирақ баласы болған. Әсіресе, өздеріңе арнап жазған бір шығармасының кейіпкеріне өте ұқсайды. Ол кейіпкерді кім деп ойлайсыңдар? 
(Балалардың жауабынан кейін Қожа келеді) 
Қожа: Сәлем, сәлем, балалар! Балалар мен жақында жаңа ойын үйрендім. Ол қандай дейсіңдер ме, бұл ойын бір-бірімізге «сұрақ-жауап ойыны» деп аталады. Мен бірінші болып сендерге сұрақ қоямын. Сендер маған қайыра сұрақ қоясыңдар. (екі қолын уқалап) Кәнекей, ойынды бастаймыз ба? Менің сұрақтарым таусылған соң, сендердің кезектерің. Ойын басталды. 

Қожаның сұрақтары (Менің атым Қожа повесі желісімен): 
• Оллаһи, мақтанғаным емес, достарым, шынын айтыңдаршы, мен өскенде қандай маман иесі болуды армандадым? 
(Қожаның жазушы болсам деген арманы көкейіне ерте ұялады. Оның ақындық, жазушылық даңқы үшінші-төртінші сыныпта оқып жүргенде-ақ мектептен асып, ауылға жайылып, «ақын бала» атана бастаған. ) 
• Сұлтан екеуіміздің қарақшылық өміріміз қанша уақытқа созылды? 
(Олар жабайы қаз атып алдық екен деп, біреудің жоғалған қазын атып алып, үйітіп отырғандарында мектеп директоры Ахметовтың әкесі Ахмет шал көріп қалып, олардың «сазайларын» береді. Сосын екеуі қорда етіп, қарақшылық істемек болған «тапқыр» ойларынан табанда бас тартуға тура келеді.Бұл екеуінің қарақшылық өмірілерінің бірінші және ең соңғы күні болды.) 
• Мен үйімде төргі бөлменің есігін жауып алып, кеңес өткізгенімді білесіңдер. Сонда кімнің мәселесін қарадым? 
(Қожа кешкі астан кейін төр үйге кіріп, үлкен айнаның алдына отырып, Қадыров Қожаның жеке бас құпия кеңесін ашады. Күн тәртібінде бір-ақ мәселе – тәртіпті, үлгілі оқушы болу үшін не істеу керек екендігі жайлы мәселе қаралды.) 
• Менімен дойбы ойнап отырған Жанар мені не үшін «Мақтаншақ Қожа» деп мазақтады? 
(Бірінші ойында Қожа Жанардың сүйкімді жүзіне, иығына төгілген қолаң шашына қарап, толқып отырып, ойынды ұтқызып алады. Екінші ойында сағырақ ойнаса да, үш-төрт жүрістен кейін Жанар Қожаның үш пешкасын бірден қырып салды. Енді оның намысы келіп, «қазір ұтамын» деді сенімді үнмен. Бірақ, айлакер Жанар бұл жолы да елеусіз тұрған пешкасын Қожаға жегізді де, басқа бір пешкасымен оның әлгі батырын белден басып, биге өтіп кетті... ) 
• Менің он үш жыл өмірімдегі ең қатігез күн қашан болып еді? 
(Бұл күні мектепте Қожаның тәртібін талқыға салған педсовет жиналысы болған.) 
Қожа: Жарайсыңдар, мен туралы кітапты жақсы білетіндерің көрініп тұр. Баллалар, оллаһи, шыным, менің үйге қайтуым керек. Асығыспын. Қызыл бұзауымды айдап келуім керек. (Қожа кетіп бара жатып) Ұмытып бара жатыр екенмін, сендер сұрақтарыңды сосын қоярсыңдар.Ойынымызды кейін жалғастырамыз. Кездескенше. 
Жүргізуші: Балалар, дегенмен, Қожа - қазақ балаларының Том Сойер іспетті сүйікті кейіпкері. «Менің атым Қожа» повесі қарапайымдылыққа, нанымдылыққа туған. «Өтірік ештеңе қоспаймын» - деп уәде берген автор уәдесін орындайды да. Бұл повесінде жазушы балаларға бала болып сырын ашады, өзінің бар болмысын, жамандығын да, жақсылығын да жасырмай жазады. Сол жасырмай жазуының арқасында оқырманның ыстық ықыласын өзіне аударады. Повестің өн бойында мейір қозғайтын, әдеп ұқтыратын және оны әдейілеп оңашаламай, оқиға барысында жымдастырып келтіретін тұстары мол. 
Оқушы: ...«Әке» деген сөзді айтқанда, жүрегім қарс айырыла жаздайды-ау. Қандай жақын, қандай ыстық!.Еһ, қайран әкем! Егер сен тірі болсаң, мүмкін мен бұдан гөрі басқадай болар ма едім. Кім біледі, жер әлемді шулатып, сотқар Қожа атанып жүргенім әкесіз жетім өскендігім де шығар... 
Жүргізуші: Осындай Қожаның сырын оқығанда, қай-қайсымыздың есімізге әкеміз түсері сөзсіз. Жазушы әкенің қадірін өстіп әдемі әдіспен айтып өтеді. 
Оқушы: ...Жасы үлкен таныс адамға сәлем бермеу-көргенсіздіктің белгісі- деп мамам мені талай баулыған. Сол парызымды амалсыз өтеп, «сәлеметсіз бе?» дей салдым... 
Жүргізуші: Қожаның тентектігі тектен-тек емес, белгілі бір логикадан туындайды. Адам жанын түсіне, ұға бермейтін шолақ белсенділерге, екі жүзділерге қаны қайнайды. 
(Қожа кіреді) 
Жүргізуші: Қожа, сен бұзауыңды қораға қамап келіп қойдың ба? 
Қожа: Иә, осы жолы бұзауымды Жанардың қорасына қарай айдап әуре болмай бірден өзімнің үйіме қарай айдап жібердім. 
Жүргізуші: Сонда сен бұзауыңды үйіңнің қорасына апармағансың ғой? 
Қожа: Жоқ, менің оған уақытым жоқ. Бүгін Сұлтан екеуіміз балық аулауға баруымыз керек. 
(Жанар келеді) 
Жанар: Сәлеметсіңдерме, балалар! Қожа жаңа ғана өзінің «мақтаншақ Қожа» екенін екінші рет дәлелдеді. Дойбыдан мықтымын деп, жеңіліп, мақтаншақтығын бір дәлелдесе, енді маған Бердібек ата тек ұл балалаларды жақсы көрген деп екінші рет мақтанып тұр. 
Қожа: Жанар, мен бұл жолы оллаһи, мақтанып тұрған жоқпын. Бердібек атаның Қожасы, Сұлтаны, Еркіні, Бекені - бәрі өжет, шыншыл, адал бала кейіпкерлер екенін барлығымыз білеміз . 
Жанар: Қожа, сенің айтып тұрғаның дұрыс емес. Кез-келген адамның туған анасы бар. Демек, өмірді, мынау жарық дүниені сыйлаған ананы ардақ тұту, оның алдындағы перзенттік парызды өтеу-кім-кім үшін де қадірі ортаймайтын асыл қасиет. Ендеше ана туралы қалам тербеген, ана тағдырын сәтті шығармаларға арқау ету-қаламгер үшін үлкен абырой деп білемін. Достарым, мен сіздерге Бердібек Соқпақбаев шығармаларындағы қыз, ана кейіпкерлер туралы «Бұл кім?»: мінездемелік сауалнамамды ұсынамын: (Оқырмандар кейіпкердің атын және шығарманы атаулары керек) 

• Ол - кластағы ең таза оқушы, сондықтан тазалықшы. Қызметіне адал, қатал тазалықшы. Ол-қолымыздың, құлақ, мойынымыздың тазалығын қарайды. Мін тапса, кіргізбейді. «Бар жуынып, таза боп кел. Тырнағыңды сояудай етпей, алып кел»- деп үнемі ескерту айтады. («Балалық шаққа саяхат», Майра) 
• ...Ол кей-кейде үлкейгенде мамасына ұқсап дәрі беруші болуды арман етеді. Ал кейде одан айнып, Наталья Петровна тәрізді мұғалім болсам дейді. Тағы бірде аспандағы самолетті көріп, ұшқыш болғысы келеді. … (Аяжан «Аяжан повесі») 
• ...Қайран, жеңгем! Үй ішін дәл сендей ретті, таза ұстайтын адам бар ма екен? Осындағы кез – келген заттан, төсектің, жүктің жиналуынан мен сенің өнерлі, бипаз қолыңды ап-анық танимвн... (Әлиман, «Балалық шақа саяхат») 
• ...Қыз кезінде көрікті болыпты. Орта бойлы, қыр мұрын, қызыл шырайлының әдемісі болғанға ұқсайды. Ал мен ес білгелі ол науқасшаң. Ауру мен жоқшылық қоса қабаттасып құр сүлдері қалған. Отырса, тұрса, аузынан ойбайы түспейді. Соған қарамастан күні кешке қыбыр-қыбыр қимылдаумен болады. Жоқты бар етіп түтін түтетеді (Әсбет, Балалық шаққа саяхат) 
• ...Үйдегі әйелге тән жұмыстың бәрін де, Зәуре жоқта сол тындырады. Ертеден қара кешке тыным алғанды білмейді. Табиғат оны жасаған кезде мәз болып, күліп отырса керек. Ол-жомарт табиғаттың аузынан жаз күніндей жайраңдап түсе қалған. Салдырлаған ақ көңіл ашық адам. Көрген-білгенін айтып сап, қарап отырады. (Бөпке әже, «Балалық шаққа саяхат») 
• Балажан байғұс анам, мен үшін отқа да, суға да түседі шырылдап. Оның қазіргі кейіпі: айналайындар, баламды оқудан шығара көрмеңдер, тағы бір жолға кешірім жасаңдар деп, жалбарына сөйлеп тұрған тәрізді... (Миллат, «Менің атым Қожа») 
Жүргізуші: Иә, «Біз де бала болғанбыз» деп Бердібек ағамыз айтпақшы, қызық-шыжығы мол жастықтың белгілі жыршысы атанған қаламгер туындыларына арқау болған оқиғаларда асылдың көзіндей боп аналардың бейнелері де жүреді. «Балалық шаққа саяхат» повесіндегі Бөпке әже,аяулы ана Әсбет, Әлиман, «Өлгендер қайтып келмейді» романындағы шалахат момын әйел Ырысты, Зағипа, Қалампыр кемпір, «Менің атым Қожа» повесіндегі Миллат, «Қайдасың, Гауһар?» повесіндегі Гауһар, «Аяжан» повесіндегі Аяжан бейнелері өздеріне тән, қайталанбас тұлғаларымен көз алдыңда қалып қояды. 
(Сұлтан келеді) 
Жүргізуші: Балалар, алдарыңда Бердібек атаның шығармаларын жатпай-тұрмай оқитын, шын ықыласты оқырмандарымыздың бірі. 
Сұлтан (басын қасып): Сәлем бердік! Енді шын ықыласты деген кішкене артықтау ма деймін. Мен, …Сұлтанмын. Балалар мен де құралақан емспін. Менің де сендерге алып келген «базарлығым» бар. 
«Мынау кімнің сөзі» атты Сұлтанның сауалнамасы: 
…Ой, қарабасқыр, әлі жатырмысың? Осы сенің-ақ қолыңнан кітап түспейді екен. Тасташы былай. Немене, бүгін той екенін ұмыттың ба?.. (Сұлтан, «Менің атым Қожа») 
• ...Оллаһи, мақтанғаным емес, достарым, шындықты айтып отырмын - әттең жазушы болсам деген арман менің көкейімде ерте ұялады. Үшінші, төртінші кластарда оқып жүргеннің өзінде-ақ ақындық даңқым мектептен асып, бүкіл ауылға жайылды... (Қожа, «Менің атым Қожа») 
• ...Шыбыным, әйтеуір ешкімге тимей, ұрынбай, жайыңа жүр. Тек жүрсең, тоқ жүресің дейді атаң қазақ. Сенің тентектігіңді менен басқа ешкім де көтермейді. Әйтеуір саған айтар ақылым,-тыныш жүр, балам, тыныш жүр. Біреудің ала жібін аттаушы болма... (Қожаның әжесі, «Менің атым Қожа») 
• ...Текес, сен мені балығыңмен асыраған, шынықтырған анам болсаң және бір мені осы жарық дүниеге алып келген анам үйде хал үстінде. Ол-дағы өзің секілді аяулым, қимасым еді. Сол асыл анам бұл дүниенің тізімінен сызылуға жақын жатқан секілді. Осы бір мен үшін тіл жетпес ауыр кезеңді мен оның шырағы жалп етіп сөнген шағын көзбен көріп, шыдай алар емеспін.... (Бердібек, «Балалық шаққа саяхат») 
• ...Құдай жолыңды түсіріп, келіп қалған екенсің. Тай мінгізіп жіберер ек, шама жоқ. Тым құрса, жейде киіп кет. Ана жылы Сарыбастауда оқып жүргеніңде ашумен үстіңнен қара шапанды сыпырып алған едім. Қайтейін, қу жоқшылық адамға не істетпейді? ....Құдай қосса, әлі-ақ адам боласың. Адам болды деген міне, осы... (Әлиман, «Балалық шаққа саяхат») 
• ...О,жалған! Біреуден бір нәрсе сұрап телміруден өткен жаман не бар екен! Жігерім құм болып амалсыз бара жатырмын. Қолымдағы сүт сұрауға арналған ыдысымды көрсетпей тығып алам... (Бердібек, «Балалық шаққа саяхат») 
• ...Өліп едім, тірілдім. Өшіп едім, қайтадан жандым! Құдай айдап әкелген мына ақжолтайымның арқасында құлағым ашылып, тағы да адам қатарына қосылдым... (Ораздың шешесі Күлиша «Аяжан») 
• ...Ыдырыс, тағы да сен бе? Тұншықтырып өлтірдің ғой сығыр құдай. Қақтамай, қоя тұршы. Жатар кезде жайсаң да кебеді ғой. Тым болмаса, пешке тақамай, әрірек жай... (Әсбет, «Балалық шаққа саяхат») 
• ...Шеше, сіздің балаңыз жайында ойымдағымды мен де айтайын. Балаңыз адам болатын бала. Жақсы бала. Әттең, бұдан гөрі басқадай ортада тәрбие көрсе, алысқа ұзап баратын жастың тап өзі... (Николай Трофимович, «Жекпе-жек») 
• ...Бұл менің түзелемін деп, өзіме-өзім бірінші рет уәде беруім емес. Талай рет уәде бердім, шындап бердім. Бірақ қанша тыныш жүрейін деп, тырыссам да, олай болмай шығады. Не ет қызуыммен, не басқа бір себеппен тәртіпсіздік істеп қойғанымды өзім де байқамай қалам. Жоқ, енді олай болмауға тиіс! (Қожа, Менің атым Қожа) 
Сұлтан: Балалар, мен сендерге өте қуаныштымын! Міне, осындай өз әдебиетін сүйіп оқитын отанымыздың нағыз патриот азаматтары бола беріңдер. Міне, көріп тұрсыңдар ғой, менде кітап оқитын болдым. Енді біз ауылға қайтайық. Сау, болыңдар! (Қожа, Жанар, Сұлтан үшеуі балалармен қоштасып шығып кетеді) 
Жүргізуші: Балалар, бүгінгі әдеби-ойынымыз мәреге жетіп қалған сияқты. «Оқырмандарым! Менің кейіпкерлерім аспаннан түскен адамдар емес. Осы өздеріңнің араларыңда бірге ойнап –күліп жүргендер. Ендеше Қожа маған қандай қымбат болса, сендер де сондай қымбатсыңдар». 
Міне, Бердібек аға сонау алыстағы жылдары біздің Сапарғали Бегалин атындағы Мемлекеттік республикалық балалар кітапханасында кездесуде болған кештен соң ықыласпен осындай тілек қалдырған еді.


Жауап берді: 16 желтоқсан — Тәуелсіз күні туралы слайд, презентация керек?

$
0
0

16 желтоқсан — Тәуелсіз күні туралы слайд, презентация

Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Бұл күнге сан ғасыр бойы армандап жеттік. Тәуелсіздікке қан төгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізіп, елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қостық. 20  жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз.

Барша қазақстандықтар үшін Тәуелсіздіктің мәні де, маңызы да айрықша. Өйткені біз Тәуелсіздіктің арқасында тарихымызды түгендеп, тілімізді, дінімізді және ділімізді қайта оралттық. Мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданып, ұлттық салт-дәстүрімізді жандандырдық.

Тәуелсіздіктің  20 жылы тарихта өз ерекшеліктерімен қалды. Біз бүгін осы атаулы жылдарға тоқталмақпыз.

1990 жыл.

  • 1990 жылы қазанда Қазақ  КСР Жоғарғы Кеңесі республиканың  егемендігі туралы Декларация қабылдады.  

1991 жыл

  • 1991 жылы тамыз айындағы Мәскеуде өткен дүмпуден кейін, Коммунистік партия таратылып,  қоғамдық мүлік билікке берілді.
  • 1991 жылы 24 тамызда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Ағымдағы жағдайды бағалау және Республика егемендігін нығайту шаралары туралы» Қаулы  қабылданды.
  • 1991 жылдың 29 тамызындағы  Қазақ КСР Президентінің «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлығы болды. Қазақ жерінде  40 жылдан астам уақыт бойы сынақ жүргізілген ядролық қаруға нүкте қойылды. Елбасының осы тарихи шешімі, батыл қадамы бүгінде дүние жүзіне  мәлім тарихи фактіге және біздің ұлттық мақтанышымыздың мәніне айналды.
  • Таяуда ғана Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы біздің ел Президентінің ұсынысын мақұлдап, 29 тамызды Халықаралық ядролық қару-жараққа қарсы күрес күні деп жариялады.
  • Қазақстанда 1991 жылдың тамыз-қазан айларында Президенттің жарлығымен  мынадай қайта құрулар болды:  прокуратура, мемлекеттік қауіпсіздік, ішкі істер, әділет және сот органдары бөлінді. Қазақ КСР Мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды.  Одаққа бағынышты кәсіпорындардың Қазақ КСР үкіметінің қарамағына түбегейлі өтіп, республикада алтын  қоры мен Алмас қоры, т.б. құрылды.
  • Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлы – қазақтың тұңғыш ғарышкері  1991 жылы 2 қазанда  Байқоңырдан «Союз ТМ-13»  кемесімен ғарышқа ұшты. 
  • 1991 жылы 16 қазанда  – Қазақ КСР-інің  Президентін сайлау туралы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Заңы қабылданды.
  • 1991 жылы Жоғарғы Кеңестің таңдауымен президенттің қызмет орны бекітілді. Қазақстанның тұңғыш президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. 
  • 1991 жылы 1 желтоқсанда   - Қазақ КСР-інің  Президентін сайлау өтті.  Сайлау нәтижесі  бойынша  дауыс беруге  қатысқандардың 98,78  % дауысын жинаған Н.Ә.Назарбаев Республика Президенті болып сайланды.
  • 1991 жылы 10 желтоқсанда  Қазақ  КСР Жоғарғы Кеңесі «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының  атауын өзгерту туралы» Заң қабылданды. Осы  заңға  сәйкес  жаңа құрылған тәуелсіз мемлекет Қазақстан Республикасы деп аталды.
  • 1991 жылы 16 желтоқсан күні - «Қазақстан Республикасының мемлекеттік  тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.  Қазақстанның бұл қабылданған Заңы бұрынғы КСРО елдерінің  ішінде ең соңғы заңы болып табылады. Осы күні Қазақстан Республикасының  мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды. 1991 жылы желтоқсанның 16-сында Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялады. Осылайша әлем картасында Тәуелсіз Қазақстан атты жаңа мемлекет пайда болды. Оның тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Сөйтіп Қа­зақстан Коммунистік партиясы Орта­лық Комитетінің ХV пленумы қабылдаған шешім қазақ қоғамына түбегейлі өзгерістер енгізді.
  • 1991 жылы 12 желтоқсан күні  - «Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсанның 17-18-індегі оқиғаларға қатысқаны үшін жауаптылыққа тартылған азаматтарды ақтау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қабылданды.
  • 16 желтоқсан күні  – 1986 жылдың Желтоқсан оқиғасын еске  алу күні. Алматы қаласының халқы бұл күні Республика алаңына шығып, 1986 жылы қаза болғандарды естеріне алады.
  • 1991 жылы  20 желтоқсанда  «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Қаулысы  қабылданды.
  • 1991 жылы 21 желтоқсанында Алматы қаласында бұрынғы КСРО құрамына енген он бір тәуелсіз мемлекет басшылары Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құру туралы Алматы Декларациясына қол қойды.  Сөйтіп, ТМД-на мемлекеттік тәуелсіздік, тең құқылық және егемендік қағидаттарымен кіру туралы шешім қабылданды.
  • 1991 жылы Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасының мемлекеттік  егемендігін таныды.
  • 1991 жылы Қазақстан бойынша репрессия құрбандарына  тұңғыш рет Ақтөбе қаласында Түйетөбеде ескерткіш қойылған.  Осы жерден  жаппай ату жазасына ұшыраған жүзге жуық адамның сүйегі табылған, ескерткіштің ашылуында жиылған халықта есеп болмады. Жақындарының сүйегі қайда қалғанын білмей жүрген талай ақтөбелік  үшін, жалпы халқымыз үшін елеулі  оқиға болды. Бұл  ескерткіштің  авторы — сәулетші Әбубәкір  Әжіғалиев.

1992 жыл

  • 1992жылы   10 қаңтарда  «Қазақстан Республикасында ішкі әскерлері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қабылданып, мемлекеттің тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында еліміздің ішкі істер әскері құрылды.
  • Қорғаныс –тәуелсіз мемлекеттің ең маңызды нышандарының бірі. 1992 жылдың 7 мамырдағы «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы» № 745 Жарлығымен өзінің дербес құрылымы, басқару мен қаржыландыру тәртібі бар республиканың Қарулы Күштер құрылысының негізі салынды.
    Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Президент Қарулы Күштердің Бас Қолбасшысы болып табылады.
    2003 ж.7 мамырында  Қазақстан Республикасы Президентінің № 1085 Жарлығы негізінде  Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-теңіз күштері  құрылды.
  • 1992жылы 15 қаңтарда«Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы»   Қазақстан Республикасының Заңы  қабылданды.
  • 1992 жылы 30 қаңтарда Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына кірді.
    -Қазақстан Республикасы ТМД елдерінің ішінде  бірінше болып 56 мүше елді  біріктірген мемлекетаралық беделді ұйым Еуропа қауіпсіздігі және ынтымақтастығы ұйымына 2010 жылы төрағалық ету мүмкіндігіне ие болды.
  • 1992 жылы 18 ақпанда Қазақстан балаларының мейірімділік қоры «Бөбек» дүниеге келді.
  • 1992 жылы Алматы қаласында  Дүниежүзі қазақтарының І Құрылтайы өтті.
  • 1992 жылдың  2 наурызында Қазақстан БҰҰ-на мүше болып, оның халықаралық қатынастар жүйесінде дербес субъект сапасында ықпалдасуы басталды.   1991-1994 жылдар аралығында әлемнің  111 елі ҚР таныса, 92 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды.
  • 1992 жылы 8 мамырда  ҚР-ның дербес Қарулы күштері құрылды.
  • 1992 жылы 15 мамырда ТМД-ның 6 мемлекетінің (Армения, Қазақстан,Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан) мемлекет басшылары Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қол қойды.
  • 1992 жылы 22 мамырда  Қазақстан  ЮНЕСКО құрамына енді.
  • 1992 жылы 22 мамырда Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев және  мемлекет басшылары  Стратегиялық шабуыл қару-жарағы (СШҚ-1) туралы зымырандық-ядролық қаруды таратпау және бірте-бірте бөлшектеп, шығарып тастау туралы Лиссабон  хаттамасына ядролық қарудан арылу міндеттемесін алды.Өз аумағын  ядролық қарусыз аймақ деп жариялады.
  • Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі  мен ұлттық сипатын жаңа мемлекеттік рәміздер бейнелейді. 1992 жылдың 4 маусымында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы туралы»  және «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы туралы» заңдар күшіне енді.  11 желтоқсанда «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының мәтіні туралы» заң қабылданды.
  • 1992 жылы 17 қазанда Қазақстан Республикасы мен Киелі Тақ арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды.
  • ЮНЕСКО-ның келісімі мен тәртібі бойынша 1992 жылдың қазан айында тағайындалған «ЮНИТИ» («Бірлік») халықаралық сыйлығы «Бөбек» қайырымдылық қорының президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваға тапсырылды.
  • 1992 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды. Екі  елде өз елшіліктері ашылды.
  • 1992 жылы Тама Есет батыр Көкіұлының кесенесі салынды. Бұл шараға 75 мың адам қатысты деген дерек бар. Бұл идеяның авторы, жалпы осы істің басы-қасында болған  —  тілші ғалым Мұхтар Арын. Ескерткіш   авторы —  Тоқтаған Жанысбеков.

1993 жыл

  • 1993 жылғы қаңтардың 28-інде Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды. Негізгі Заң 4 бөлімнен, 21 тараудан, 131 баптан тұрды.
  • 1993 жылы 25 ақпанда Президент Жарлығымен Т.О.Әубәкіров Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық аэроғарыш агенттігінің бас директоры болып тағайындалды.
  • 1993 жылы 26 ақпанда республика аймағының  тұтастығын, біркелкілігін,   өзгешелігін дәлелдейтін «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Заңы өз күшіне енді.
    Қазақстан - әлемде аумағы жағынан 9-орынды иеленетін ірі мемлекет.   Шекарасының ұзындығы шамамен 14 мың шақырым. Мемлекеттілікті құруға кіріскенде, ең алдымен мемлекеттік шекараны рәсімдеу мәселесі назарға ілікті.
    - Бұл біріншіден, ҚХР-сымен ұзындығы 1700 шақырымға созылған шекараға қатысты еді. 1994 жылы Қазақстан  мен Қытай шекара сызығына қатысты ірі келісімдерге қол қойылды. Орта азиялық көршілеріміз Өзбекстан, Қырғызстан және Түркменстанмен  екі жақты келіссөздердің барысында барлық мәселелер шешілді.
    - Ресей мен Қазақстан арасындағы  ұзындығы 7591 шақырым болатын заңды түрде рәсімделген шекараға иеміз.
  • 1993 жылдың наурызында Қызылордада «Арал – ғасыр қасіреті»  атты халықаралық конференция қатысушылары мемлекет басшылары атынан Біріккен Ұлттар Ұйымына үндеу жолдады. Халықаралық Арал қорын құру жөнінде келісімге келді. Азиядағы ірі мемлекеттерді Аралды қорғау қозғалысына атсалысуға шақырған үндеу қабылданды. Аралды қорғау Халықаралық қорының төрағасы болып, Н.Ә.Назарбаев сайланды.
  • Одан кейін Елбасының бастамашылдығымен 1993 жылғы мамыр айында «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Заң қабылданды. Осылайша біздің мемлекет кезінде кертертпа жүйенің кесірінен еліміздің азаттығы мен тәуелсіздігі жолында құрбан болған азаматтарды ақтап, бәзбіреулердің өктем саясатымен жасалған тарихтың қателігін түзеді.
  • 1993 жылғы 5 қарашада «Ақша жүйесін тұрақтандыру жөніндегі шұғыл шаралар туралы» Президент жарлығы шықты. 1993 жылы 15 қараша «Ұлттық валюта» күні деп аталып, алғашқы Қазақстан Республикасының теңгесі айналымға түсті. Оған атақты тұлғалар суреті басылып шықты. 2006 жылы 15 қарашада теңгеміз жаңа басылыммен қайта шықты.
  • 1993 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Болашақ» бағдарламасын  тағайындады. Осы жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелге жастарды оқыту басталды.

1994 жыл

  • 1994 жылы 16 ақпанда Қазақстан ядролық қаруы жоқ ел ретінде Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қол қойды.
  • Ата Заң негізінде 1994 жылы наурыз айында алғаш рет парламенттік сайлау өткізілді.  Сол жылы парламент таратылды.
  • 1994 жылы 27 мамырда Қазақстан рамалы құжатқа қол қойып, НАТО-ның «Бейбітшілікке арналған серіктестік» бағдарламасының  19-шы қатысушы мемлекеті болды.
  • 1994 жылы 6 шілдеде Жоғарғы Кеңес депутаттары астананы Ақмола қаласына көшіруге шешім қабылдады.
  • 1994 жылы 5 желтоқсанда  Будапештте Ұлыбритания, Ресей және Америка Құрама Штаттарының басшылары Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне кепілдік беру туралы Меморандумға қол қойды.
  • 1994 жылы мемлекетіміздің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді. Талғат Мұсабаев Союз-ТМ6 ғарыш кемесімен көкке самғады.

1995 жыл

  • 1995 жыл – Абай жылы болып жарияланды.  
  • 1995 жылы 12 қаңтарында  Президент Жарлығымен  қазақ ғарышкерлері  Т.О.Әубәкіровке, Т.А. Мұсабековқа, Ресей ғарышкері Ю.И. Меленченкоға –«Халық Қаһарманы» атағы  беріліп, жоғары ерекшелік белгісі –«Алтын Жұлдыз» тапсырылды. Т.А. Мұсабековқа, Ю.И. Меленченкоға «Қазақстанның ғарышкер ұшқышы» құрметті атағы берілді.
  • 1995 жылы 1 наурызда Президент Жарлығымен Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды.
  • 1995 жылғы 1 наурызда мемлекет басшысы жанындағы қоғамдық консультациялық-кеңесші орган — Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. Оның мақсаты —  қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық татулықты нығайту болды.
  • 1995 жылғы 24 наурызда Қазақстан халықтары Ассамблеясы (ҚХА) сессиясы ашылды. Онда қаралған мәселелер: Президент Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігін 2000 жылға дейін ұзарту мақсатында бүкілхалықтық референдум өткізу туралы ұсыныс енгізу. Елбасының бұл қызметте болуының бірінші конституциялық мерзімі 1996 жылдың желтоқсанында аяқталатын еді.
  • 1995 жылы  29 сәуірде  өткізілген бүкілхалықтық референдумда сайлаушылардың 95,4% Президент өкілеттілігінің мерзімін 2000 жылдың 1 желтоқсанына дейін ұзартуды жақтап дауыс берді.
  • 1995 жылы 19 мамырда Алматыда банкнот фабрикасының бірінші кезегінің ашылу рәсімі болды.
  • 1995 жылы 26 мамырда Қазақстан  аумағынан  ядролық қарудың соңғысы шығарылды.
  • 1995 жылы 3 шілдеде Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Алматы қаласында Тәуелсіздік ескерткішін орнату туралы» қаулысы шықты.
  • 1995 жылы  30 тамызда Конституциялық өзгерістер процесі аяқталып, қазіргі Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясы қабылданды. Бұл негізгі Заңымызда республиканың экономикалық қүш-қуаты мен мүмкіндіктері ғылыми тұрғыдан тиянақталып, халықтың әлеуметтік топтарына тиісті мәселелерді шешу ескертілді.

1996 жыл

  • 1996 жылы 25 мамырда Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы  арасында   Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа, сонымен қатар Байқоңыр ғарыш айлағын  пайдалану тәртібі туралы келісімге қол қойды.
  • 1996 жыл – ұлы ақын-импровизатор Жамбыл Жабаевтың жылы.  
  • 1996 жылы 3 сәуірде Қазақстандағы қазақ ұлтының азаматтары құжатқа тари хи халық дәстүрге сәйкес өз әкесінің аты-жөнін, ата-бабасының атымен жаздыруға мүмкіндік алды.
  • 1996 жылы 30 қыркүйекте Қазақстан Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу (ЯСЖТ) шартына қосылды.
  • 1996 жылы Алматыдағы Республика алаңында Қазақстан тәуелсіздігінің бес жыл толуына байланысты 16 желтоқсанда «Тәуелсіздік монументі» ашылды. Авторлары:архит. Ш.Уалиханов(топ жетекшісі, мүсіншілер: Н.Далбай, Ә.Жұмабав, сәулетшілер Қ.Жарылғапов, Қ.Монтақаев т.б)

1997 жыл

  • 1997 жылы 11 шілдеде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңы қабылданды
  • 1997 жылы 8 қарашада  мемлекеттік рәміздер мен Қазақстан Президентінің байрағын Алматы қаласынан Ақмола қаласына табыс ету салтанаты  өтті.
  • 1997 жылы министрліктер мен ведомстволар 50-ден 25-ке азайды. Әкімшілік ауданның 220-ның 30-ға жуығы таратылды. Әкімшілік облыстар 19-дан 14-ке кеміді. 1997 жылы 22 сәуірде Торғай, Талдықорған облыстары таратылды. 1997 жылы 3 мамырда Көкшетау, Жезқазған, Семей облыстары таратылды. Қазіргі кезеңде Қазақстанда 14 облыс бар.
  • 1997 жылдың 20 қазанындағы  «Ақмола қаласын  Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау  туралы» № 3700 Жарлығына сәйкес,  Ақмола қаласы ресми түрде 1997 жылдың 10 желтоқсанынан астана болып саналады. 1998 жылдың 10 маусымы – астананың тұсаукесер күні ретінде белгіленеді.
  • 1997 жылы қазан айында Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық жолдауы жарияланды. Жолдауда болашаққа болжам, қазіргі жағдайға талдау жасалып, ішкі және сыртқы саясаттың ерешеліктері айтылды. Бұл бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары көрсетілген. 2030 жылы Қазақстан күрделі жолдан ойдағыдай өткен және дамудың келесі кезеңіне нық қадаммен аяқ басқан ел болады.
  • 1997 жыл –халықтық жалпы келісім мен саяси репрессия құрбандарына арналған жыл болып, «Қуғын сүргіндерді еске алу жылы» деп аталды.

1998 жыл

  • 1998 жылы 6 мамырда Ақмола қаласының жұртшылығының  тілегі ескеріліп, ҚР Үкіметі жанындағы ономастикалық комиссияның қорытындысы негізінде  Ақмола атауын Астана қаласы деп  өзгерту туралы Президент Жарлығы шықты.
  • 1998 ж. 1 маусымында - Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштері құрылды.
  • 1998 жылы 10 маусымда  тұңғыш рет жаңа Астананың ресми тұсаукесері болып, астана күні тойланды. Бұл күнде Астана қаласы жаңа сәулетті, соңғы сәнмен көркейіп, өсіп келе жатыр. Астана қаласы еліміздің басты қаласына айналды.
  • 1998 жылы 24 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев  бастаған ресми делегацияның Ватиканға сапары барысында Қазақстан Республикасы мен Киелі Тақ арасындағы өзара байланыс туралы келісімге қол қойылды. Қазақстан Республикасында  римдік-католиктік шіркеулердің 77 бірлестігі  жұмыс істейді. 1991 жылы Қазақстан  мен Орта Азия католиктеріне арналған Қарағандылық  епархия құрылды. Сонымен қатар,  Республика аумағында 3 апостолдық әкімшілдік жұмыс істейді.
  • 1998 жыл – Ұлттық тарихы мен бірлігі жылы.
  • 1998 жылы 6 шілдеде ХХІ ғасырға бағытталған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында мәңгілік достастық пен одақтастық туралы Декларацияға қол қойылды. 

1999  жыл

  • 1999 жыл – Ұрпақтар бірлестігі мен сабақтастығы  жылы.
  • "НҰР ОТАН"Республикалық саяси партиясы 1999 жылғы қаңтарда құрылды, ал сол жылдың 12 ақпанында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелді. Төраға – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Төрағаның 1-ші орынбасары - Нығматулин Нұрлан Зайроллаұлы.
  • Партия мүшелерінің саны 607 557 адамды құрады. Қазақстанның барлық облыстарында, Астана және Алматы қалаларында "НҰР ОТАН"филиалдары бар. Партияның әлеуметтік негізін бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, студенттер, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, шағын және орта бизнес өкілдері құрайды.
    Басты мақсаттары ретінде партия қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформалардың жүзеге асуына белсенді түрде жәрдемдесу; азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыру; әлеуметтік әділеттілікті бекіту және елдегі тұрақтылықты сақтау; ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту; азаматтардың отансүйгіштік сезімі мен Қазақстан Республикасының жан-жақты және үйлесімді дамуы үшін жауапкершілігін тәрбиелеу деп жариялады.
    Мәжілісте "НҰР ОТАН"парламенттік көпшілікке ие.
    2007 жылы Мәжіліске сайлау қорытындылары бойынша партия 88.41% дауысқа ие болды. "НҰР ОТАН"партиясынан Парламенттің төменгі палатасына партиялық тізім бойынша 98 депутат сайланды.
  • 1999 жылдың 10 қаңтарында өткізілген мерзімінен бұрын болған президенттік сайлауға қатысқан дауыс берушілердің 79,78 %-ы Н.Ә.Назарбаевты қолдады.
  • 1999 жылдың шілдесінде Астана қаласы ЮНЕСКО-ның «Әлем қаласы» сыйлығымен марапатталды.
  • Қазақстанда тәуелсіздік алғаннан кейін 1999 жылы бірінші санақ өтті.

2000 жыл

  • 2000 жыл – «Мәдениетті қолдау жылы» деп аталды.
  • Шежірелі Түркістанға  1500 жыл толды.
  • Қалың жұртшылықты Қазақстан халқының тарихи-мәдени игіліктерімен таныстыру мақсатында 2000 жылы Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет орталығы құрылды.
  • 2000 жылы 29 маусымда Семей ядролық сынақ полигоны біржола жабылды.
  • 2000 жылы 1 қыркүйекте «Қазақстан Республикасының  тәуелсіз сот жүйесін күшейту жөнінінде» Президент Жарлығы қабылданды.
  • 2000 жылы 10 қазанда Астанада ҚР Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың төрағалық етуімен Кедендік одаққа қатысушы елдер – Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан Мемлекетаралық кеңесінің кезекті мәжілісі болды. Еуразиялық экономикалық қауымдастық құрылды.
  • 2000 жыл  Елбасы Жарлығымен «Мәдениетті қолдау жылы» деп аталды. Облыстық әкімшілік  Ленин ескерткішінің орнына Кіші жүздің ханы, даңқты қолбасшы  Әбілқайыр ханға ескерткіш орнату жайлы  шешім қабылдады.  Ескерткіш авторы — мүсінші, Мемлекеттік  сыйлықтың лауреаты, профессор Ескен Сіргебаев.
  • 2000 жылы халықтан жиналған қаржыға Көтібар  батыр Бәсенұлына кесене  орнатылды.   Оның  авторлары — сәулетші Несіпбек Қожағұлов және суретші Әділғали Баяндин.

2001 жыл

  • 2001 жыл 21 ғасыр бастамасы. 
    2001 жыл – осы жаңа ғасыр тұсында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл толды.
  • 2001-2010 жылдары –Тілдерді қолдану мен дамытудың он жылға арналған мемлекеттік бағдарламасы және Мемлекет басшысының  бастамасы бойынша «Тілдің үш тұғырлығы» ұлттық мәдени жобасы іске асырылды.
  • 2001 жылы  13 маусымда  Алматыда І республикалық «Бөбек» шақырады» фестивалі өтті.
  • 2001 жылы 14 маусымда «Шанхай бестігі» Өзбекстанмен толығып, «Шанхай ынтымақтастық ұйымы» құрылды.
  • 2001 жылы 7 қыркүйекте Ақтау қаласында, Қазақстан жастарының 1-ші Конгресі өтті.
  • 2001 жыл автомобиль жолдары жылы болып жарияланды. Трансевразиялық магистраль «Батыс Еуропа —Батыс Қытай» жобасы басталды. Еліміздегі жолдардың көп бөлігі жөнделіп, жаңа жолдар салынды. Әуежайлар мен Каспийдегі теңіз порты қайта құрылды.
  • 2001 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен Астана төрінен «Атамекен» Қазақстан картасы» этнографиялық-мемориалдық кешені» деп аталатын мәдени орын ашылды. Қазақстанның кішірейтілген картасы іспеттес Аспан астындағы мұндай мұражай дүние жүзінің 17 елінде ғана бар. Бельгиядағы «Шағын Европа» саябағы, Австрия, Швейцария, Германия, Испания, Ұлыбритания елдерінің үлгісімен дүниеге келген «Атамекенде» 14 облыс, 2 қала — Астана мен Алматы қалаларының макеттері қойылған.
  • 2001 жылдың  22-25 қыркүйек аралығында ҚР  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың шақыруымен  Рим Папасы ІІ Иоанн Павелдің Қазақстанға мемлекеттік пасторлық сапары болып өтті.  Қазақстан Республикасындағы дінаралық келісім дін өкілдерінің қоғамдық өмірге белсенді қатысуымен сипатталады. Еліміздегі конфессияаралық келісім мен ұлтаралық келісім бірін-бірі толықтырады. Президент Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен 2003 жылы 22-24 қыркүйек аралығында  католиктер мен христиандар, православиеліктер мен иудейлер бастарын қосып, барлық мәселелерді бірлесе талқылаған  Әлемдік діндер  съездерінің өткізілуі – еліміздегі татулық пен тұрақтылықтың айғағы.
  • Орыс православие шіркеуі Қазақстанда дінге сенушілер саны жағынан алғанда екінші орында тұр. 1996 жылы орыс православие шіркеуі Н.Ә.Назарбаевты І дәрежелі Киелі князь Даниил Московскийдің орденімен марапаттады.
  • 2001 жылы 18 мамырда астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Күлтегін ескерткішінің  ғылыми көшірмесі орнатылып, Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған  «Байырғы түркі өркениеті: жазба ескерткіштер» тақырыбы бойынша  халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. 

2002 жыл

  • 2002 жыл – «Денсаулық жылы»  деп жарияланды.
  • 2002 жыл  4 маусымда Алматы қаласында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім білдіру шаралары жөніндегі Кеңестің (АӨСШК) Саммиті өтті.
    АӨСШК екінші Саммиті Декларациясында Азиядағы қауіпсіздік  пен ынтымақтастық мәселелерінің жалпы жағдайы қарастырылды. Хатшылық Алматы қаласына орналасты.
  • 2002 жылы  25-26 қыркүйегінде  - Ежелгі  Тараз  қаласының  көптен күткен 2000 жылдық мерей той мерекесі ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті.
  • 2002 жылы 23-24 қарашада Түркістан қаласында қазақтардың Екінші Бүкіләлемдік құрылтайы өтті.
  • 2002 жылы 24-26 қарашада – Екінші Еуразиялық Медия Форум өтті (Алматы қаласында).
  • 2002 ж. Евразияның кіндігі — Астананың төрінде, сулы жасыл-желекті бульвар орталығынан -  шыңына алтын шарды көтерген күміс түсті жарқыраған мұнара – «Бәйтерек» монументі пайда болды. Ол көкке ұмтылған Астананың символына айналды. Н.Ә.Назарбаев жасаған сызба-нұсқаның жобасы негізінде тұрғызылған «Бәйтерек» халықаралық байқауда ТМД елдеріндегі 2002 ж. ең үздік нысаны ретінде алтын медальға лайық деп танылды. Оның биіктігі 97 метр.

2003 жыл

  • 2003-2005 жылдары –«Ауылды қолдау жылы» деп жарияланды.
  • 2003 жылы  Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Бірінші съезі болды.
  • Бейбітшілік және келісім сарайы салынды. Сыртқы пішініне қарап жергілікті халық «Пирамида» деп атап кеткен Бейбітшілік және келісім сарайы – ұлтаралық және конфессияаралық тұрақтылықтың, халықтар достығының өзіндік символы тәрізді.
  • 2003 жылы демографиялық жағдайды көтеру және әлеуметтік қолдау мақсатында аналарға бала тууына байланысты бір реттік жәрдемақылар беріле бастады. Ал 2006 жылы бала бір жасқа толғанға дейін төленетін жәрдемақы тағайындалды.
  • 2003 жылы берілген ойын-суық кешен-аквариум «Думан» дүниежүзілік мұхиттың ең шалғайдағы бөлшегі іспеттес Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді. 

2004 жыл

  • 2004 жылы Астанада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Музейі ашылды. Онда 100 мыңнан астам экспонаттар бар. Президент Н.Назарбаевтың жеке мұрағаты мен кітапханасы мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар басшыларының тартулары, Елбасының біргей марапаттар коллекциясы, жеке заттары, құжаттары көрермен назарына ұсынылып отыр.
  • 2004 жылы 13 қаңтарда ҚР Президенті «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы туралы Қаулыға қол қойды.
  • 2004 жыл – Ресейдің Қазақстандағы жылы.
  • 2004 жылы маусымда Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеттінде «Еуразиялық ықпалдастық: осы заманғы даму үрдістері және жаһандану сынақтары» деген тақырыпта  халықаралық форум өтті.
  • 2004 жылы Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен «Мәдени мұра» мемлекеттік Бағдарламасы қабылданды. Осы бағдарлама бойынша Ақтөбе облысындағы Абат-Байтақ мавзолейі, киіз үй тәрізді Қарағұл тамы республикалық бюджет қаржысы есебінен  қалпына келтірілуде. 
  • Байғанин ауданында б.з.д.   IV-V  ғ.ғ. Сармат дәуірінен қалған ескерткіш биіктігі 12 метр, қабырғасының қалыңдығы 7 метр болатын   Қызылүйік, Тасастау ғибадатханаларында қазба жұмыстары жүргізілді.  Археолог Зейнолла Самашев аталмыш нысандарды  2004 жылдан бері зерттеп жүр.

2005 жыл

  • 2005 жылы 9 мамырда Ұлы Отан Соғысы Жеңісінің 60 жылдығына Н.Назарбаев , В.Путин, басқа да жаңа тәуелсіз мемлекет басшылары қазіргі демократиялық Германия көшбасшыларымен бірге фашизмді күйреткен Жеңіс Күнін Мәскеуде мерекеледі.
  • 2005 жылдың 5 шілдесінде Астанада өткен Мемлекет басшыларының  саммитінде астана декларациясына қол қойылып, антитеррорлық сипаттағы негізгі құжаттар ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің терроризмге, сепаратизм мен экстремизмге қарсы күрестегі ынтымақтастық тұжырымдамасы, ережесі бекітілді.
  • 2005 жылы 2 маусымда  Байқоңырдың  50 жылдығы аталып өтті.
  • 2005 жылы Ресейде «Абай жылы» аталып өтті.
  • 2005 жылдың 4 желтоқсанындағы кезекті президент сайлауында сайлаушылардың 91,15%-ы өз дауыстарын мемлекет басшысына берді.
  • 2005 жылы Кеңестер Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 80 жылдық мерейтойы аясында  Ақтөбе қаласында ескерткіш бой көтерді.  Авторлары  — мүсіншілер, ҚР еңбек сіңірген  қайраткері,  Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты  Бақытжан Әбішев және  Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Ескен Сергебаев.

2006 жыл

  • 2006 жылдың қаңтарында республиканың жаңа әнұраны қабылданды.  Әнұран негізіне композитор Ш.Қалдаяқовтың (сөзі Ж.Нәжімеденовтың) 1950 жыдары жазылған  «Менің Қазақстаным» әні алынды.  Қолданыстағы әнұранның заңды авторларының бірі – Н.Ә.Назарбаев.
  • 2006 жылы 11 қаңтарда «Ақорда» резиденциясында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  ресми түрде қызметіне кірісуіне арналған салтанатты рәсім  өтті. Қазақстан Президентін ұлықтау рәсіміне қатысу үшін Астанаға әлемнің 70-тен аса елінен өкілдер келді.
  • 2006 жылдың 17 маусымында Алматыда Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім білдіру шаралары жөніндегі Кеңестің (АӨСШК) екінші Саммиті болды.
  • 2006 жылы 15 қарашада теңгеміз жаңа басылыммен қайта шықты.
  • 2006 жылы академик Ахмет Жұбановтың 100  жылдық мерейтойы  ЮНЕСКО көлемінде атап өтілді. Ақтөбеде Ғ.Жұбанова атындағы филармония алдында А.Жұбановтың ескерткіші қойылды. Авторы — мүсінші, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Ескен Сіргебаев.
  • 2006 жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 15 жыл толды.
  • 2006 жылы - Желтоқсан көтерілісіне 20 жыл толды.

2007 жыл

  • 2007 жылы «Қазақ тілін қолдау» жылы.
  • 2007 жылдың 21 мамырындағы Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, бұрынғы консультативтік-кеңесші орган - Қазақстан халықтары Ассамблеясы Қазақстан халқы Ассамблеясы деген жаңа атау берілді.
  • «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
    Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудың 2007-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.
  • 2007 жылы қазан айында - 2008-2010 жылдарына арналған «Жасыл ел» бағдарламасы  бекітілді.
  • 2007-2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары бағдарламасы»
  • Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама қабылданды.
  • 2007 жылы КСРО және ҚР халық артисі Ғазиза Жұбанованың 80 жылдық мерейтойына  орай филармония алдына ескерткіш мүсіні орнатылды. Авторы – мүсінші Жәдігер Кенбай.
  • 2007 жылы Ауғанстандағы соғыста шейіт болған интернационал жауынгерлерге арналған «Қақ жарылған құлпытас» атты  ескерткіш  орнатылды. Авторы —  Ж.Кенбаев.
  • 2007 жылы «Қобыланды батыр» кешені салынды. Авторы —  ҚР еңбек сіңірген  сәулетшісі  Бек Ыбыраев.

2008 жыл

  • 2008 жылы Астананың сол жағалауындағы әсем де зәулім ғимараттар қатарын «Қазақ елі» монументі толықтырды. Идеяның негізгі авторы — Елбасы Н.Назарбаев. Монументтің биіктігі 91метр.
  • 2008 жылы қаңтар айында – Оралмандардың көшіп келу квотасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің  Жарлығы шықты.
  • «Самрұқ-қазына» ұлттық әл-ауқат қоры Қазақстан Республикасының «Қазына» тұрақты даму қоры мен «Самрұқ» мемлекеттік активтерді басқару холдингінің бірігуі туралы ҚР  Президентінің Жарлығымен 2008 жылы  13  қазан  айында құрылды. Қор қызметінің басты мақсаты мемлекеттік даму институттарын тиімді корпоративтік басқару жолымен Қазақстан Республикасы экономикасының барлық секторларындағы инфестициялық және инновациялық белсенділікті арттыру мен ынталандыру болып табылады.
    Қор Директорларының Кеңесін Премьер-Министр басқарады.
  • 2008 жылы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың негізінде жаңа мейрам -  6 шілде  - Астана күні енді.
  • 2008 жылы шілде айында – 2008-2009 оқу жылына мамандықтар бойынша  жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлауға арналған мемлекеттік  білім беру тапсырысын орналастыру туралы ҚР Үкіметінің бұйрығы.
  • 2008 жылы тамыз айында  Қазақстан Республикасы тұрғын үй бағдарламасы қабылданды.
  • 2008 жылы қазан айында – Қазақстан азаматтарына патриоттық тәрбие беру бағдарламасы қабылданды.
  • 2008 жылы 2 желтоқсанда – 2009-2011 жылдарға арналған  «Нұрлы көш» бағдарламасы ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілді.
  • 2008 жылдың 23 желтоқсанында   Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары қабылданды.
  • 2008 жыл – Украинаның Қазақстандағы жылы.
  • 2008 жылы  халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Қан мен тер» кітабының кейіпкерлеріне ескерткіш қойылды. Бұл — Қазақстанда әдеби шығарма  кейіпкерлеріне қойылған тұңғыш ескерткіш. Оның авторы — Ерік Жауынбаев. 

2009 жыл

  • Қазақстан Республикасының Білім ғылым министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары жасалынды.
  • 2009жылы қаңтар  айында –ҚР –да ұлттық халық санағы өтті.
  • 2009 жылы 19 мамырда Қазақстан Республикасының білім ғылым министрлігінің № 224  Бұйрығымен – «Болашақ» халықаралық стипендиясы бекітілді.
  • 2009 жылы «Қазақ елі» монументі, Тәуелсіздік сарайы, Орталық концерт залы, футбол стадионы және өзге де ірі объектілердің салтанатты ашылуы болды.
  • 2009 жылы 1 шілдеде Әлемдік және дәстүрлі лидерлерінің  ІІІ съезі  өтті.
  • 2009 жылдың 25 ақпаны мен 6 наурыз аралығында елiмiздегi тұрғындар арасында екінші Халық санағы өттi. 2009 жылғы халық санағының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы халқының саны 2009 жылғы ақпанның 24-нен 25-не қараған түнгі сағат 12-дегі санақ мезетіне 16004,8 мың адамды құрады. 
    Республика халқының санақаралық кезеңдегі саны 1022,9 мың адамға артты, алдыңғы 1999 жылғы санақпен салыстырғанда халық санының өсімі (1999 жылғы ақпанның 24-нен 25-не қараған түнгі сағат 12-ге) 6,8%-ды құрады.
    Қала халқының саны 8639,1 мың адамды, ауыл халқының саны 7365,7 мың адамды құрады.  Сонымен қатар, қала халқының саны 195,1 мың адамға немесе 2,3%-ға, ал ауыл халқының саны  827,8 мың адамға немесе 12,7%-ға артты. Еліміздегі қала халқының үлесі 54%-ды, ауыл халқының үлесі 46%-ды құрады, 1999 жылы олардың арақатынасы тиісінше 56,4% және 43,6%-ды құраған болатын. Анағұрлым урбанизацияланған өңірлерге Қарағанды (мұндағы қала халқының саны  77%-дан астам), Павлодар (67,9%) және Ақтөбе (61,1%) облыстары жатады. Ауыл халқы негізінен алғанда  Алматы (барлық халықтың 76%-ы), Солтүстік Қазақстан (61,5%), Қызылорда (60,8%) және  Жамбыл (60,5%) облыстарында шоғырланған.
    Еркектер саны 7722,8 мың адамды, әйелдер саны 8282,0 мың адамды құрады.   Алдыңғы санақпен салыстырғанда еркектер саны 507,1 мың адамға немесе 7%-ға; әйелдер саны 515,8 мың адамға немесе 6,6%-ға артты. Еркектер мен әйелдер санының арақатынасын қарастыратын болсақ, әйелдер үлесі еркектерден басым (тиісінше 51,7% және 48,3%). Егер 1999 жылғы халық санағы бойынша әрбір 1000 әйелге 929 еркектен келсе, 2009 жылғы санақ бойынша 932-ден келді.
    Санақаралық кезең ішінде жекелеген этностар санының өзгеруі мынадай деректермен сипатталады:
    Алдыңғы санақпен салыстырғанда қазақтар саны   26,1%-ға артты және 10098,6 мың адамды құрады. Өзбектер саны 23,3%-ға артып,  457,2 мың адамды, ұйғырлар 6%-ға артып,  223,1 мың адамды құрады. Орыстар саны 15,3%-ға азайып, 3797,0 мың адамды; немістер - 49,6%-ға азайып, 178,2 мың адамды; украиндар – 39,1%-ға азайып, 333,2 мың адамды; татарлар – 18,4%-ға азайып, 203,3 мың адамды; өзге де этностар - 5,8%-ды азайып, 714,2 мың адамды құрады.
    Еліміздегі халықтың жалпы санындағы қазақтар үлесі 63,1%-ды, орыстар – 23,7%-ды, өзбектер – 2,8%-ды, украиндар – 2,1%-ды, ұйғырлар – 1,4%-ды,  татарлар - 1,3%-ды, немістер – 1,1%-ды, өзге де этностар 4,5%-ды құрады.
    2009 жылғы халық санағын ескере отырып, жедел деректер бойынша республика халқының саны 2010 жылғы 1 қаңтарға 16196,8  мың адамға жетті. 2010 жылдың басына қазақтар үлесі 63,6%, орыстар – 23,3%,  өзбектер - 2,9%, украиндар – 2,0%, ұйғырлар – 1,4%, татарлар – 1,2%, немістер – 1,1%, өзге этностар – 4,5%.
  • 2009 жылы  Кеңестер Одағының екі мәрте Батыры, ұшқыш Талғат Бигелдиновке өзінің атындағы Ақтөбе жоғары әуе институтының  алдынан ескерткіш мүсіні қойылды. Авторы —  мүсінші, Жастар Одағы сыйлығының иегері Марат Габдрахманов, сәулетшісі — Ж.Айнабеков.

2010 жыл

  • 2010 жылы Қазақстан Республикасының Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға (ЕҚЫҰ) төрағалық қызметіне кірісті.  Қазақстандық  төрағалықтың ұраны төрт «Т» - «траст» (сенім), «традишин» (дәстүр), «транспаренси» (транспаренттік) және «толеранс» (төзімділік) болады.
    Біріншісі  бірі-бірімізге деген  бізге аса қажетті сенімді білдіреді.
    Екіншісі  ЕҚЫҰ –ның  негізгі қағидаттары мен құндылықтарынан тұрады.
    Үшіншісі - халықаралық қарым-қатынастарда  барынша ашықтық пен транспаренттік.
    Төртіншісі - әлемдегі мәдениеттер және өркениеттер арасындағы диалогті нығайту.
  • 2010 жылы 1-2 желтоқсанда -Астанада Еуроатлантикалық және Еуразиялық кеңістікте кең ауқымды, бөлінбейтін және кооператтивті қауіпсіздік құрудың көкейкесті мәселелерін талқылау үшін Ұйымға қатысушы елдер Мемлекет және үкімет басшыларының Саммиті өтті.  Тіпті, өткен ғасырдың өзінде КСРО-да Мәскеу қауіпсіздік пен ынтымақтастық бойынша Еуропа мемлекеттерінің жиынын өткізу мерейіне ие болған жоқ. Сондықтан бұл ірі халықаралық ұйымның Саммитінің Астанада өтуі – мемлекет үшін де, еліміздің әрбір азаматы үшін де биылғы жылдың басты оқиғасы.
  • 2010 жылдың 31 желтоқсанда және  2011 жылдың  7  қаңтар аралығында VII  Қысқы Азия Ойындары  Астана –Алматы   қалаларында өтті.  2011 Азиада Қазақстан үшін салтанатты түрде мәресіне жетті. Азиадада тұңғыш рет 11 спорт түрі бойынша 69 мадақтау жиынтығы таразыға салынды. Оған Азианың 27 мемлекетінен 1000-нан астам спортшы қатысты, олардың арасында атақты спортшылар, Олимпиада және әлем чемпионатының жеңімпаздары бар. Азиада ойындары барысында 10 континенталдық рекордтар анықталды.
    Қазақстандық құрама команда 70 медаль, оның ішінде 32-алтын, 21-күміс, 17-қола медальдарды иелене отырып, қысқы Азиада ойындары тарихында жаңа рекорд орнатты.
    Азиада-2011 ресми сайтының ақпараты бойынша бұрынғы рекорд – 29 алтын белгі Жапония құрама командасына тиесілі болған. Ол 1986 жылы Саппаро қаласында өткен Алғашқы қысқы Азиада ойындарында алынған болатын. Ойындағы басты рекорд – Жапония, Оңтүстік Корея және Қытай сияқты мықты қарсыластармен болған күресте қазақстандықтармен алынған 32 алтын медаль.
    Елбасының тапсырысы бойынша Азиаданың басталу кезеңінде халықаралық кластағы 10 спорт алаңдары күрделі жөндеуден өтті, оның ішінде кейбірі әлемдік талапқа келмейді.
  • Үкімет индустриялдық-инновациялық бағдарламаны жүзеге асыруға кірісті. Үдемелі индустриялдық-инновациялық дамудың Мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Осы бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде үстіміздегі жылы ғана 140-тан астам жаңа бәсекеге қабілетті өнеркәсіп кәсіпорындары іске қосылады.
  • 2010 жылы Қазақ халқының біртуар ұлы, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лау­реаты, жауынгер жазушы, даңқты қол­басшы Бауыржан Момышұлы­ның туғанына 100 жыл толады. Осы орайда қаңтардың 9-ы күні Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Аманкелді Момышев Мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаевқа депутаттық сауал жолдады.
    Депутат сауалында дүние жүзіне белгілі тұлға, аты аңызға айналған батыр, белгілі жазушы Бауыржан Момышұлының 100 жылдық ме­рей­тойын ЮНЕСКО деңгейінде атап өту қажеттігін алға тартты.

2011 жыл

  • Еліміздің 2011 жылы Ислам Конференциясы Ұйымының сыртқы істер министрлігі Кеңесіне төрағалық етуі мемлекетіміздің ЕКЫҰ-на төрағалық еткен соң, көпқырлы дипломатияны жалғастыруға, мұсылман әлемі елдерімен ынтымақтастықты кеңейтуге және республиканың беделі мен рөлін күшейтуге деген ұмтылысы болып табылады.

Жауап берді: Мама, мама, мен сені сондай қатты сағындым. Жетім қыздың монологы

$
0
0
https://www.youtube.com/watch?v=-1TqD8RVtkI https://www.youtube.com/watch?v=dnb_pAlh6hI https://www.youtube.com/watch?v=989_HDiM1Tk

Жауап берді: Туған жер туралы өлеңдер

$
0
0
ТУҒАН  ЖЕР.

Туған жер, кіндік қаным, тамған жерім,

Шыр етіп, жарық дүние келген жерім.

Бөленгем, ақ бесікке сонда алғаш,

Айналдым, мен өзіңнен туған жерім.

 

Бұлақтар бастау алған Алатаудан,

Өзен боп Аспарамдай сарқыраған.

Кең дала, сай-төбелі, шыбырым бар,

Бұл менің, туған жерім Қызыл Еңбек.

 

Жаз жайлау болған сонау Қасқасуым,

Көк майса, қызыл, сары гүлге толған.

Арша мен шырша өскен тау бөктерлеп,

Айналдым жер ұйығым туған жерім.

 

Тастақты мекен еткен менің елім,

Бау-бақшаң жайқалады туған жерім.

Еліме нәр бергіңде, сән бергіңде,

Көркейіп, гүлдене бер туған жерім.

 

Алатау аспан, көкпен таласатын,

Қияңнан күнім атқан нұрын шашып.

Шуағы бақ дәулетін шашқан елге,

Шіркінай туған жерім жер жанатым.

 

Туған жер сенде соққан самал қандай,

Сезінткен ата-анамның алақанын.

Есіме түсет сонау өткен күндер,

Оралмас еш бір қайтып, сол бір шақтар.

Соткамды суға түсіріп алдым, қалай істесе болады?

$
0
0
Соткамды суға түсіріп алдым, бірақ мен бір күннен кейін күрішке салдым. Тағы не істеуге болады?

Ойын сөзін лексикалық талдау

$
0
0
Ойын сөзін лексикалық талдау

Жауап берді: Академиялық ағылшын дегеніміз не? Academic English

$
0
0

Англияда, жалпы ағылшын тілінде Academic English деген термин қалыптасқан. Бір қырынан қарағанда біздің қазақ тіліндегі публицистикалық стилге келетін секілді. Академиялық ағылшын - кәдімгі күнделікті ағылшыннан бөлек, ғылыми тіл.

Былтыр бір жыл бойы Лондондағы UCL университетінде аталған стильді меңгердік. Кемшіліктер болған шығар (маған сеніңіз, кез келген жерде кемшілік жеткілікті), әйтсе де біраз мағұлмат алғанымыз анық. Сонымен, Academic English пен General English-тің айырмашылығы неде?

1. Сөйлемнің күрделілігі. Кез келген тілде ауызекі сөйлеу мен жазба стилі екі бөлек деп ойлаймын. Ағылшын сондай тілге жатады. General writing мен general speaking-нің айырмашылығы жетерлік. Ал академиялық ағылшын, тіпті, күрделірек. Мұнда құрмалас сөйлемдерді көбірек пайдаланып, күрделі зат есімдерді көбірек қолданылады. Грамматиканы ұқыпты әрі дәл қолдану міндетті. Оған қоса, ырықсыз етіс көбірек пайдаланылады. (Мысалы: Using academic writing style, focusing on national news is identified as main issues).

2. Ресми тіл.Тұрақты сөз тіркестері, қарапайым сөздерді ешқашан қолдануға болмайды (Журналистикадағы кей ұстаздар ара-тұра пайдалануға қарсы емес екен). Мысалы, People DON'T(can't, didn't, won't and etc.) use iphone in a library деген сөйлемде don't деп қолдану дұрыс емес. Оның орнына толық нұсқасы do not деп жазу керек. Young generation jump on the bandwagon as a result of Instagram деген сөйлемдегі jump on the bandwagon (мағынасы трендке ілесу) секілді сөз тіркестерін академиялық ағылшында қолдануға тыйым салынады. Біздің кейбір журналистер мақаласының басын "Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры, демекші"деп бастап жүр ғой. Солар академиялық ағылшын немесе сәл ғана публицистикалық стильге назар аударса деген тілек бар.

3. Объектив болу.Қолданылған дата, дәлел, пайымның бәрі жеке бастың пікіріне құралмауы тиіс. Мысалы, мен Роналдуды жек көрсем де, I think Ronaldo is the worst player (Меніңше, Роналду - ең жаман футболшы) деп жазуыма болмайды.

4. Айқындылығы. Жазылған мақала оқырманға нақты түсінікті болуы тиіс. Әрбір параграф бір-бірімен байланысты болуы шарт. Яғни, жазбаны оқыған адам А-дан қалай Б-ға секіріп кеткеніне таңғалмауы тиіс.

5. Сөздердің нақтылығы. Сөздерді орын-орнымен жазу міндет. Partner және ally сөзінің мағынасы ұқсас. Алайда this is my ally деп кездесіп жүрген қызыңды көрсете алмайсың (Ну енді онша емес мысал болды. Ойыма келгені осы). Ағылшын тілі екінші тіл болатын біз секілділерге бұл өте қиын.

6. Ұстаным. Әрбір академиялық мақаланың соңында сол жазбаның нақты ұстанымы болуы керек және дәлелдер мен пайымдар соны дәлелдеуге құрылуы тиіс. Мысалы, most researchers definitely suggest to use hardcover book instead of ebooks. It might be acceptable to affirm their point (Көптеген ғалымдар ebookтың орнына кәдуілгі кітапты қолдануды нақтылап ұсынды. Олардың ұстанымын қабылдаған дұрыс шығар).

7. Жауапкершілік.Академиялық мақаладағы жазылғанның бәрі автордың жауапкершілігі.

8.Факт.Бұл кеңінен түсіндіруді талап етеді. Келесі постқа бөлек жазармын.

Жауап берді: Факт немесе дәлдік. Фактіні басқадан қалай айыруға болады?

$
0
0

Факт немесе дәлдік. Фактіні басқадан қалай айыруға болады? Әр жерде академиктер түрліше атап жүр. Мен келесі пунктерге бөліп қарастырғым келеді.

1. Факт. Яғни, нақты дәлел. Кез келген академиялық мақала факттерден құралады. (Академиялық мақалада кез келген дерекке сілтеме беріп отыру өте маңызды) Фактің өзін бірнешеге бөліп қарастыруға болады.

а) Нақты факт. Мұндай фактілер бүкіл әлем болып қабылданған, дәлелденгеніне көп болған деректер. Мысалы, Вакумдегі жарықтың жылдамдығы - 299 792 458 м/с. Бұл ғалымдардың есептеуімен табылған факт. Жоғарыда сілтеме көрсету туралы айттым ғой. Алайда мұндай фактілерге сілтеме көрсетудің қажеті шамалы (Оле Ремер деп сілтеме көрсетпейтінің анық). Немесе жердің тартылыс күші бар екенін тапқан Ньютонға референс жасамайсың. "Қазақстан тәуелсіздігін 1991 жылы 16 желтоқсанда алды"деген сөйлемге де сілтеме көрсетудің қажеті жоқ. Немесе 4+3=7 деген де осы топқа жатады.

ә) Сілтемені қажет ететін фактілер. Кейбір деректер факт бола тұра, оны нақтылай түсетін деректер қажет етеді. Мысалы, "Қазақстанның халқы 17 миллион"деген фактіне алайық. Бұл - факт, алайда мұны нақтылау үшін соңғы жүргізілген халық санағына сілтеме көрсетілуі тиіс.

б) Әдеби фактілер. Бұл топқа әдеби кітаптағы деректерді жатқызуға болады. Мысалмен түсіндірейін. "Қожа Майқанова апайдың сөмкесіне бақа салып жіберді". Ойдан шығарылған дерек. Мұның әдеби факті болатын себебі Бердібек Соқпақбаевтің кітабында жазылған. Ал нақты факт ретінде қолдануға келмейтінінің себебі - ойдан шығарылған.

2. Пайымдама (Claim дегенді осылай алдым). Кез келген пайымдама дәлелдейтін деректі талап етеді. Мұны бірнешеге бөліп қарастыруға болады.

а) Дұрыс пайымдама. Зерттеушінің пайымы зерттеген жұмыспен сәйкес, нақты келеді. Мысалы, "еркектер әйелдерге қарағанда фейсбукте көп отырады"деген ойдан шығарылған деректі алайық. Мұны фактіге айналдыру үшін Статистика агенттігінің немесе қандай да бір жүргізілген сауалнама, зерттеу жұмысына сілтеме жасалуы тиіс. Біздің біраз журналист осы жерде жиі кемшілік жібереді. Келтірген деректеріне дәлел келтіре алмайды (Бұл жерде негізі мен де қандай да бір сауалнама, не зерттеу жұмысына сілтеме беруім керек. Ондай жүргізілмегендіктен, менің субъектив пікірім болып қалады). Айтпақшы, жақында "Хабар"халықты алдайды деген қызу талқылау болды ғой. Мұны дәлелдеу үшін "Хабар"арнасының жасаған бағдарламалары мен жаңалықтарына жүргізілген зерттеу жұмыстары керек.

ә) Сәтсіз пайымдама. Кейбір зерттеу жұмысының тапқан даталары біріне-бірі себеп болып тұрған секілді көрінгенімен, мәселеге себеп болған негізі нәрсе басқа болуы ықтимал. Мысалы, "көліктерден шыққан көмірқышқыл газының көбеюі Арктика мұздарының еруіне әкеп соғуда"деген пайымдама бар. Расында көліктен шығатын зиянды газдардың көбейгені рас, Арктика мұздарының бұрынғыдан жылдам ери бастағаны да рас. Алайда біріншісі кейінгісіне тікелей себеп болды деп қорытынды шығару қате. Мұздың еруіне басқа да факторлар әсер етеді.

б) Тексерілмеген пайымдама. Кейбір пайымдамалар логикалық тұрғыдан анық болса да, тексерілуді қажет етеді. Мысалы, басқа галактикада тіршілік иелері бар деген пікір. Жердің жаратылысына сүйене отырып басқа ғаламшарда тіршілік бар деп пайымдауға болады. Алайда мұндай пайымдама ешқашан тексерілмеген немесе нақты дәлелденбеген. Үлкен жарылыс теориясы, эвоюция теориясын да осы топқа жатқызуға болады.

3. Пікір және сенім. "Әлемдегі ең сұлу қыз - Zarina Diyas". Бұл - менің пікірім. Кейбір адамдармен сәйкес келуі мүмкін менің ойым, бірақ бұл факт емес. Немесе "Англияның ауа райы жаман"деген де менің пікірім. Бір қызығы, бұл топқа субъектив пікірдің бәрін жатқызуға болады һәм ешқашан бұлар академиялық мақалада қолданылмайды. Сондай-ақ, "Иса пайғамбар әкесіз туған"деген сенім. Інжілде, Құранда бұл туралы айтылса да, академиялық мақалада мұндай деректер факт ретінде қарастырылмайды.

4. Өтірік. Ат айтып тұрғандай кез келген өтіріктер. Бұларды да академиялық артиклде дереккөз ретінде қолдануға болмайды. Мысалы, "жер - теп-тегіс". Бұрынғы адамдар осыған сенген және айналаға қарасаң, жер теп-тегіс болып көрінеді. Алайда жердің шар (жарайды элипс) тәріздес екенін бәріміз білеміз. "Қытай қорғаны Айдан көрінетін адам жасаған жалғыз құрылыс нысаны". Бұл да өтірік дерек.

Жалпы факті мен пікірдің айырмашылығы туралы академиктердің көзқарасы осыған саяды. Бәлкім, кейбір жерде сәл айырмашылық болар. Қосымша айтарыңыз болса, қоса отырыңыздар.


Оралхан Бөкей оқуларына қандай үзінді оқуға болады?

$
0
0
Оралхан оқуларына қатысқан жандар бар болса осында, Оралхан оқуларына қандай үзінді оқуыма болады?

Жауап берді: Қазақ тілі пәнінен жалпы 7 сыныптың ережелері керек еді

$
0
0
Маган да керек братан....

Қазақстан Республикасының адвокатурасы ынтымақтастығының ұйымдық құқықтық нысандары?

$
0
0
Қазақстан Республикасының адвокатурасы ынтымақтастығының ұйымдық құқықтық нысандары?

Жауап берді: Риторикалық сұрақтар қандай болады?

$
0
0

Менің ойымша былай, риторикалық сұрақ - 1. Жауабы бұрыннан белгілі, адам өз ойын әсерлі жеткізу үшін қойылатын жауап беруді қажет етпейтін сұрақ, (мысалы Шекспирдің "Быт или не быт?")

2.адамның өз-өзінің ішкі дүниесімен алысып отырғанда жауап беруді қажет етпейтін сұрақ. (мысалы: "осы сұраққа жауап берсем қалай болар екен?") 

3. (әзірше осылар артынан толықтырармын)

Человек-он ведь тоже природа cоченение-рассуждение жазу?

$
0
0
Соченение-рассуждение

"Человек-он ведь тоже природа"

Жауап берді: конспект сөзінің анықтамасы керек еді...

$
0
0
Конспектілеу - мәтіннің ең маңызды жағдайларын барынша қыска етіп жазбаша баяндау. Конспектілеу арқылы жинақталған білім баяндама, реферат дайындағанда пайдаланылады.
Конспект дайындауға байланысты түрлі жаднама бар. Солардың бірі мынадай:
1) Конспектілеу алдында шығарманы мұқият оқып, жоспарын құру; 2) Конспектілеуді бастағанда автордың (немесе жинақ редакторының) дәл аты-жөнін, жұмыстың толық атын, шыққан жері мен уақытын көрсету; 3) Ғылыми еңбектің тарау, бөлім, параграфы барлық кезде де дәл көрсетілуі тиіс; 4) Мәтін қысқа мазмұндалады, бірақ негізгі ойлар мен далелдер толық жазылуы тиіс; 5) Конспекгілегенде цитата қолданылуы керек; 6) Конснектілеу барысында түрлі шартты белгілер жүйесін қолдану керек, олардың конспект бойынша жауап бергенде көмегі көп.
Оқушылар осылайша құжаттарды тұтастай немесе фрагменг түрінде конспектілеуді, сол бойынша тарихи тұлғалар, оқиғалар мен құбылыстарға баға беріп, құжатпен дербес, шығармашылық жұмыс жасауға үйренеді.

Жауап берді: Риторикалық сұрақтар қандай болады?

$
0
0
Жауапты қажет етпейтін сұрақтар (Өмірдің мәні неде?)

Жауап берді: Ұят болса да қояйын. Сіз қазақ тілін қанша пайыз білесіз?

$
0
0
Казак тилин билу керек бирак вкда орысша суйлесемиз

Жауап берді: Табу сөздер тезірек мысалдар керек еді?

$
0
0
Көтіңді қысшы деген сөзді талдап беремін Көт-Зат есім Ің-тауелдік жалгаудын 2-ші жагы Ді-табыс септік Қыс-Зат есім

Жауап берді: Мен болашақ елімді елестетемін деген тақырыпқа шығарма керек?

$
0
0

Отан- әр адамның туып өскен жері, туған туыстарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені. Отан –белгілі бір адам үшін оның өзінің елі ғасырлар бойы ғұмыр кешіп және солай болып қалуы үшін, жанын пида қылып келе жатқан байтақ өңір, өлке ғана емес, туған шаңырағы, ата-ана, бала-шағасы, дос-жаран, ағайын-туысы, солармен бірге жалғаннан көретін қызығы мен бақытының тұрағы, кейін ұрпақтарына рухы жар болып жататын топырағы.

Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен –
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
Отан дейміз кең – байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

Қазақстан біздің сүйікті — Отанымыз. Көрсең көз тоймас асқар шыңды таулары, айдын шалқар көлдері, жайыла аққан өзендері, ормандары бар. Осының бәрі Алтай менен Атырау, Ақжайық пен Алатаудың аясында құлаш жайып, жайнай түрленіп жасанып — жасарып жатыр.

Қазіргі кездегі Қазақстан  Отан деген не?«Отан» деген сөзді күн сайын естіп жүрміз,оны бала кезімізден білеміз.Отан дегеніміз-адамның туып-өскен жері.Туған –туысқандарымен, отандастарымен бірге тұратын ата-мекені. Қазақстан Республикасы –ұлан –байтақ , қуатты ел.Жер қойнауында да,жер бетінде де тұнып жатқан байлық мол.Жерінің ауданы жағынан Қазақстан дүние жүзіндегі ең ірі он мемлекеттің қатарына жатады.Қазақстан аумағы 2,7 млн шаршы шақырым.Онда 120 ұлт өкілдерінен 15 млн халық тұрады.Әкімшілік –аумақтық  жағынан Қазақстан 14 облысқа,160 ауданға бөлінеді. Қазақстан мемлекетінің тарихи даму жолын айқындайтын өз рәміздері –Елтаңба ,Туы және Әнұраны бар.(Әбдірахман)

Ғасырлар тоғысындағы Қазақстан

Қазақстан халқының сан ғасырлар бойы армандап келген мақсаттарына қолы жетті.Қазақстан тәуелсіздік алып жеке мемлекет болды.Бірақ  тәуелсіздік оп-оңай келген жоқ.Өткен тарихымызға көз жіберсек ,тәуелсіздік жолында қазақ халқының талай қаны төгіліп,азапты соғыстар жүргізілгенін білеміз. «Ақтабан шұбырындыдан» аман қалғаны енді есін жиып келе жатқанда кіші төңкерістің  қасіретіне ұшырады.Одан кейін аштықтан қаншама миллион адам қырылды. Қалғандарын «халық жауы», «ұлтшыл»,деген жаламен  атқанын атып,қалғанын ит жеккенде азаптап өлтірді. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып,жерімізді қорғаған ер азаматтардан айырылдық. Әлемнің төрт бұрышына кеткеніміз қаншама? Жері полигонға толды, топырағы тозды.Еліміз киелі Аралынан айрылды.Өз еліне қазақ жат болып,азшылыққа айналды.. Міне осындай сәтте 1986 жылы желтоқсан оқиғасы өрбіді.Ол Кеңес империясының уысында қалған халықты орыстандыруға,полигондарға қарсы туған нарызылықтан болатын.(Әсем)                                                

Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа жолдауы

Қазіргі таңда ел басшымыз жылма –жыл елдің өркендеп дамуы үшін жолдау жолдап келеді.Биылғы жолдауы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» деп аталды. Сонымен, Қазақстан бүгін әлемнің ең екпінді дамып келе жатқан елдерінің бірі болып саналады, бұл да барша жұрт таныған ақиқат. Бірақ алдымызда жаңа мақсаттар тұр. Ол мақсатқа жету үшін ең алдымен, сіз бен біз, әрбір қазақстандық бәсекеге қабілетті болуымыз керек!

Жауап берді: Менің елім менің жерім атты шығарма керек?

$
0
0

Отан- әр адамның туып өскен жері, туған туыстарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені. Отан –белгілі бір адам үшін оның өзінің елі ғасырлар бойы ғұмыр кешіп және солай болып қалуы үшін, жанын пида қылып келе жатқан байтақ өңір, өлке ғана емес, туған шаңырағы, ата-ана, бала-шағасы, дос-жаран, ағайын-туысы, солармен бірге жалғаннан көретін қызығы мен бақытының тұрағы, кейін ұрпақтарына рухы жар болып жататын топырағы.

Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен –
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
Отан дейміз кең – байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

Қазақстан біздің сүйікті — Отанымыз. Көрсең көз тоймас асқар шыңды таулары, айдын шалқар көлдері, жайыла аққан өзендері, ормандары бар. Осының бәрі Алтай менен Атырау, Ақжайық пен Алатаудың аясында құлаш жайып, жайнай түрленіп жасанып — жасарып жатыр.

Қазіргі кездегі Қазақстан  Отан деген не?«Отан» деген сөзді күн сайын естіп жүрміз,оны бала кезімізден білеміз.Отан дегеніміз-адамның туып-өскен жері.Туған –туысқандарымен, отандастарымен бірге тұратын ата-мекені. Қазақстан Республикасы –ұлан –байтақ , қуатты ел.Жер қойнауында да,жер бетінде де тұнып жатқан байлық мол.Жерінің ауданы жағынан Қазақстан дүние жүзіндегі ең ірі он мемлекеттің қатарына жатады.Қазақстан аумағы 2,7 млн шаршы шақырым.Онда 120 ұлт өкілдерінен 15 млн халық тұрады.Әкімшілік –аумақтық  жағынан Қазақстан 14 облысқа,160 ауданға бөлінеді. Қазақстан мемлекетінің тарихи даму жолын айқындайтын өз рәміздері –Елтаңба ,Туы және Әнұраны бар.(Әбдірахман)

Ғасырлар тоғысындағы Қазақстан

Қазақстан халқының сан ғасырлар бойы армандап келген мақсаттарына қолы жетті.Қазақстан тәуелсіздік алып жеке мемлекет болды.Бірақ  тәуелсіздік оп-оңай келген жоқ.Өткен тарихымызға көз жіберсек ,тәуелсіздік жолында қазақ халқының талай қаны төгіліп,азапты соғыстар жүргізілгенін білеміз. «Ақтабан шұбырындыдан» аман қалғаны енді есін жиып келе жатқанда кіші төңкерістің  қасіретіне ұшырады.Одан кейін аштықтан қаншама миллион адам қырылды. Қалғандарын «халық жауы», «ұлтшыл»,деген жаламен  атқанын атып,қалғанын ит жеккенде азаптап өлтірді. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып,жерімізді қорғаған ер азаматтардан айырылдық. Әлемнің төрт бұрышына кеткеніміз қаншама? Жері полигонға толды, топырағы тозды.Еліміз киелі Аралынан айрылды.Өз еліне қазақ жат болып,азшылыққа айналды.. Міне осындай сәтте 1986 жылы желтоқсан оқиғасы өрбіді.Ол Кеңес империясының уысында қалған халықты орыстандыруға,полигондарға қарсы туған нарызылықтан болатын.(Әсем)                                                

Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа жолдауы

Қазіргі таңда ел басшымыз жылма –жыл елдің өркендеп дамуы үшін жолдау жолдап келеді.Биылғы жолдауы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» деп аталды. Сонымен, Қазақстан бүгін әлемнің ең екпінді дамып келе жатқан елдерінің бірі болып саналады, бұл да барша жұрт таныған ақиқат. Бірақ алдымызда жаңа мақсаттар тұр. Ол мақсатқа жету үшін ең алдымен, сіз бен біз, әрбір қазақстандық бәсекеге қабілетті болуымыз керек!

Жауап берді: Болашақ бүгіннен басталады тақырыпқа шығарма керек?

$
0
0

Отан- әр адамның туып өскен жері, туған туыстарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені. Отан –белгілі бір адам үшін оның өзінің елі ғасырлар бойы ғұмыр кешіп және солай болып қалуы үшін, жанын пида қылып келе жатқан байтақ өңір, өлке ғана емес, туған шаңырағы, ата-ана, бала-шағасы, дос-жаран, ағайын-туысы, солармен бірге жалғаннан көретін қызығы мен бақытының тұрағы, кейін ұрпақтарына рухы жар болып жататын топырағы.

Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен –
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
Отан дейміз кең – байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

Қазақстан біздің сүйікті — Отанымыз. Көрсең көз тоймас асқар шыңды таулары, айдын шалқар көлдері, жайыла аққан өзендері, ормандары бар. Осының бәрі Алтай менен Атырау, Ақжайық пен Алатаудың аясында құлаш жайып, жайнай түрленіп жасанып — жасарып жатыр.

Қазіргі кездегі Қазақстан  Отан деген не?«Отан» деген сөзді күн сайын естіп жүрміз,оны бала кезімізден білеміз.Отан дегеніміз-адамның туып-өскен жері.Туған –туысқандарымен, отандастарымен бірге тұратын ата-мекені. Қазақстан Республикасы –ұлан –байтақ , қуатты ел.Жер қойнауында да,жер бетінде де тұнып жатқан байлық мол.Жерінің ауданы жағынан Қазақстан дүние жүзіндегі ең ірі он мемлекеттің қатарына жатады.Қазақстан аумағы 2,7 млн шаршы шақырым.Онда 120 ұлт өкілдерінен 15 млн халық тұрады.Әкімшілік –аумақтық  жағынан Қазақстан 14 облысқа,160 ауданға бөлінеді. Қазақстан мемлекетінің тарихи даму жолын айқындайтын өз рәміздері –Елтаңба ,Туы және Әнұраны бар.(Әбдірахман)

Ғасырлар тоғысындағы Қазақстан

Қазақстан халқының сан ғасырлар бойы армандап келген мақсаттарына қолы жетті.Қазақстан тәуелсіздік алып жеке мемлекет болды.Бірақ  тәуелсіздік оп-оңай келген жоқ.Өткен тарихымызға көз жіберсек ,тәуелсіздік жолында қазақ халқының талай қаны төгіліп,азапты соғыстар жүргізілгенін білеміз. «Ақтабан шұбырындыдан» аман қалғаны енді есін жиып келе жатқанда кіші төңкерістің  қасіретіне ұшырады.Одан кейін аштықтан қаншама миллион адам қырылды. Қалғандарын «халық жауы», «ұлтшыл»,деген жаламен  атқанын атып,қалғанын ит жеккенде азаптап өлтірді. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып,жерімізді қорғаған ер азаматтардан айырылдық. Әлемнің төрт бұрышына кеткеніміз қаншама? Жері полигонға толды, топырағы тозды.Еліміз киелі Аралынан айрылды.Өз еліне қазақ жат болып,азшылыққа айналды.. Міне осындай сәтте 1986 жылы желтоқсан оқиғасы өрбіді.Ол Кеңес империясының уысында қалған халықты орыстандыруға,полигондарға қарсы туған нарызылықтан болатын.(Әсем)                                                

Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа жолдауы

Қазіргі таңда ел басшымыз жылма –жыл елдің өркендеп дамуы үшін жолдау жолдап келеді.Биылғы жолдауы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» деп аталды. Сонымен, Қазақстан бүгін әлемнің ең екпінді дамып келе жатқан елдерінің бірі болып саналады, бұл да барша жұрт таныған ақиқат. Бірақ алдымызда жаңа мақсаттар тұр. Ол мақсатқа жету үшін ең алдымен, сіз бен біз, әрбір қазақстандық бәсекеге қабілетті болуымыз керек!

Viewing all 1645 articles
Browse latest View live


<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>